Президент Нұрсұлтан Назарбаев бастаған Қазақстан әлем бойынша жат мемлекеттерде тұратын қандастарын шақырған елдің бірі. Қалған екеуі Гермения мен Израил.Осы шақыру бойынша өткен 22 жылдың ішінде шетелде тұратын қазақтардың 1 миллионға тарта бөлігі ат басын атажұртқа бұрып, Қазақстанға қоныс аударды. Мінеки, осы атажұртқа ағыла көшкен елге Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін 5 жыл күту керек деген заң кедергі болайын деп тұр. Ал біз Ұлы көш тоқтамауы керек деп ойлаймыз.Сондықтан бұл "Көші-қон туралы" заңды ел тізгінін ұстаған азаматтар қайта қарап шығар, Елбасымыз бұл заңға вето қояр деп сенеміз.Ал қазақ диаспорасының өкілдері де тұратын Германия еліне жат жерлерден қоныс аударған азаматтар этникалық неміс болып табылса оларға Германия азаматтығы дереу беріледі. Бұл заң жүзінде бекітілген. Болашақта Германия тәжірибесі іске асырылып, атажұртқа аңсап оралған қандастарға да дереу Қазақстан Республикасының азаматтығы беріліп қуантатын шаралар қабылданар деп үміттенеміз. Qurmetpen,Ewropa Qazaq Qogamdari Federatsiyasi (FEKA)Avstrya Qazaq Madeniyet QogamiBerlin Qazaq Qogami (Almaniya)Daniya Qazaq Madeniyet QogamiFransiya Qazaq Madeniyet Qogami (AKFT)Hollandiya Qazaqtari QoriKoln Qazaq Madeniyet Ortaligi (Almaniya)Myunhen Qazaq Madeniyet Qogami (Almaniya)Norvegiya Qazaq Madeniyet QogamiShvetziya Qazaq Madeniyet QogamiUlibritaniya Qazaq Qogami
Пікір қалдыру