Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата жанындағы Жас сарапшылар клубының мүшелерімен кездесті.
Кездесуді ашқан Сенат Төрағасы іс-шараға қатысушыларға Президент Жолдауын іске асыруға қатыстыеліміздің алдында тұрған басты міндеттерді, сондай-ақ,Сенат пен сарапшылар қауымдастығы арасындағы ынтымақтастықтың өзара іс-қимыл мүмкіндіктерінталқылауды ұсынды.
Мәулен Әшімбаев өз сөзінде мемлекетіміз бенқоғамымыздың қазіргі кезеңдегі дамуын айқындайтын үрдістерге талдау жасады.
«Сенаттың алдында тұрған негізгі міндет – Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген барлық басымдықтарды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету. Осы жұмыс барысында бізге қоғамдық ұйымдар мен әртүрлі сала мамандарының пікірін тыңдау, оларды ескеру маңызды. Сондықтан бүгін Сенат жанынан Жас сарапшылар клубын құруды ұсынамыз. Сіздердің білімдеріңіз, күш-қуаттарыңыз және тәжірибелеріңіз Қазақстанды өзгертуге және Президентіміздің реформаларын іске асыруға тың серпін береді деп сенемін», – деді Сенат Төрағасы.
Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының жаңғырту бағдары мен Жолдауын жүзегеасыру кезінде басшылыққа алатын қағидаларды атап өтті. Біріншісі – жүйелілік қағидасы.
«Қазір ел дамуының басқа бағыттарын ескерусіз қалдырып, бір саланы ғана реформалауға болмайды. Мысалы, саяси реформаларсыз экономикалық даму болмайды. Мемлекеттік басқару жүйесінде реформа жүргізбесе экономикада елеулі өзгерістер бола қоймайды. Өз кезегінде мемлекеттік басқарудағы ілгерілеу білім сапасына тікелей байланысты», – дедіМәулен Әшімбаев.
Екіншісі – стандартты емес шешімдер қағидасы. «Бүгінгі әлем тым күрделі және тез өзгеруде. Ол бұрынғы қабылдаулар мен жүйелеуге сай келмейді. Сондықтанмемлекет пен қоғамға проблемаларды шешудің стандартты емес тәсілдері қажет», – деп атап өтті Сенат Төрағасы.
Үшіншісі – мәселенің мән-маңызына зер салу.
«Қазіргі шындыққа сәйкес келе бермейтін ақпараттар және қоғамдық сананы манипуляциялаудәуірінде сыртқы көріністерге емес, ішкі мазмұнға назар аудара отырып, құбылыстар мен процестердің мәнін түсіну қажет», – деді Мәулен Әшімбаев.
Кездесу барысында Клуб мүшелері Президенттің«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын іске асыруға қатысты өз ойларын айтты.
Пікірталасқа қатысушылар мемлекет пен қоғамды одан әрі жаңғырту үшін заңнамалық қызметте жас салалық сарапшылардың әлеуетін пайдаланудың маңызы зор екенін атап өтті.
Заңгер Муслим Хасановтың айтуынша, кез келген заңнама сарапшылардың қатысуымен тиянақты әзірлеуді талап етеді. Заң жобасын әзірлеудегі асығыстық пен үнемі түзетулер енгізу адамдарды шатастырады және заңнамаға деген сенім жоғалып, мәселелерін өзге жолдармен шешуге дағдыланады. Мысал ретінде ол асығыс қабылданған Еңбек Кодексін келтіріп, нәтижесінде оған бес жылдың ішінде 350 өзгеріс енгізілгенін айтты.
«Бүгінде ешкімге құпия емес, заңды қабылдаудың белгіленіп қойған мерзімдері бар және әзірлеушілер заңды тез арада қабылдауға асығады. Ал өзгерістерді кейін де енгізе беруге болады деп есептейді. Мысалы, Еңбек кодексі осыдан бес жыл бұрын қабылданды және осы бес жылдың ішінде Кодекске 350 өзгеріс енгізілді. Бұл бастапқы әзірленген жобаның сапасын және тиісті талқылаулар болмағанын көрсетеді. Заңнаманың тұрақсыздығы халықтың оған деген сенімін және заңға деген құрметін төмендетеді», – деді Муслим Хасанов.
Жас сарапшылар клубының құрамында мемлекеттік басқару, экономика, қаржы, әлеуметтік қолдау, сот-құқықтық реформа, білім беру, денсаулық сақтау және цифрландыру салалары бойынша 30-дан астам маман бар. Клубтың алдағы отырыстары өзекті қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады.
Пікір қалдыру