Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирус індетіне шалдыққан медицина қызметкерлеріне және пандемиядан қайтыс болған дәрігерлердің отбасыларына төленбеген өтемақыға қатысты пікір білдірді.
Нығматулин 22 қыркүйектегі жағдай бойынша аталған індетке шалдыққан дәрігерлердің жалпы санының 14 пайыздан астамына ғана, ал қайтыс болған медицина қызметкерлері отбасыларының 13 пайызына жетер-жетпесіне ғана төлем жүргізілгенін атап өтті.
Оның айтуынша, мұндай жағдай денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің наразылығын тудырып, мемлекет басшысына және парламент депутаттарына жүгінуге мәжбүр етеді.
Ол коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлері мен қайтыс болған мамандардың отбасына төлемақының төленбеуі – министрліктің әлеуметтік бөлімдерінің жүйесіз, ойластырмай істелген қадамының нәтижесі екенін атап өтті.
Нұрлан Нығматулин денсаулық сақтау министрлігі жариялаған ақпаратты "сандарды сапыру" деп бағалады.
Аталған министрлік ұсынған ақпаратқа сәйкес, еңбек министрлігіне 4 064 өтініш берілген. Сонымен қатар, қызмет барысында 8 333 дәрігер, барлығы 12 830 медицина қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырған.
Мәжіліс төрағасы министр Алексей Цойға жоғарыда аталған 4 064 өтініштің өзі фракция отырысы болатыны белгілі болғаннан кейін ғана жасалынғанын айтты.
Сондай-ақ коронавирус инфекциясынан зардап шеккен және қайтыс болған медицина қызметкерлерінің көпшілігі аймақтық комиссиялардан растау ала алмаған.
– Егер өткен 6 ай ішінде 2 475 өтінім берілсе, соңғы санаулы күндер ішінде 1 589 өтінім берілген. Яғни, берілгендер өтімдер саны 1,6 есеге артып, ал өтемақы төленген адамдар саны 2 есеге дейін өскен. Алты ай уақыт ішінде барлығы 1 830 дәрігер өтемақыға ие болса, ал соңғы біраз күнде 1665 дәрігерге төлемақы беріп үлгерген. Қайтыс болған медицина қызметкерлерінің отбасыларына өтемақы төлеу бойынша да жағдай осындай, – деді Нұрлан Нығматулин.
Пікір қалдыру