Қытай соты "Қазақстанды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады, Қытай ұлтына қарсы шықты" деген айып тағып, үш этникалық қазақты өмір бойына бас бостандығынан айырған. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы қаласында Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросындағы онлайн форматта өткен баспасөз мәслихатына зиялы қауым өкілдері мен сотталған үш азаматтың жақындары қатысты. Олардың айтуынша, бұл – 70 жылдан кейін қайталанып отырған ашық геноцид. Себебі, бас бостандығынан айырылып отырған үш қазақ та Оспан батырдың ұрпағы. Осыдан 70 жыл бұрын туыстары да, ұрпағы да жазықсыз атылған батырдың сүйегін ала алмаған.
Қытай жүргізіп отырған саясаттың құрбанына айналған үш азаматтың түрмеде жатқанына 2,5 жыл болды. Негізсіз жаза тартып отырған үшеудің туыстары халықаралық ұйымдардан араша сұрап отыр.
Пікір қалдыру