«Нұрсұлтан Назарбаев – жаһандық ауқымдағы саясаткер» халықаралық конференциясында сөйлеген сөзінде Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев әлем өзінің әлеуметтік, экономикалық және саяси дамуындағы іргелі ілгерілеу кезеңіне аяқ басқанын атап өтті.
«Демография мен көші-қон, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-технологиялық салаларда, климаттық мәселелерде елеулі үдерістер орын алуда. Олар көп бағытты үрдістермен сипатталады және қазіргі мен болашақ әлемдік тәртіпке түбегейлі әсер етеді.
COVID-19 пандемиясы белгілі бір дәрежеде осы ауыр өзгерістерді тездетіп, бүкіл жаһандық қауымдастық үшін бірқатар жаңа қиындықтар туғызды. Ол әлемнің осындай төтенше жағдайларға дайын еместігін көрсетті, басқару, ұйымдастыру, экономикалық және әлеуметтік салалардағы ірі кемшіліктерді ашты.
Біз адамзат тарихындағы ең қарама-қайшылықты және күрделі кезеңдердің бірін бастан өткеріп жатырмыз», - деп атап өтті мемлекеттік хатшы.
Сондықтан қазіргі жағдайларда үйлесімді әлемдік тәртіпті қалыптастыруға, жекелеген мемлекеттердің де, тұтас алғанда әлемнің де қауіпсіздігінің әлеуметтік негіздерін нығайтуға жаңа құралдар мен тәсілдер қажет. Бұл мәселеде біздің дәуіріміздің көрнекті көшбасшыларының басшылығымен әртүрлі елдерде жинақталған мемлекеттік құрылыстың және халықаралық өзара іс-қимылдың прогрессивті тәжірибесін жан-жақты түсіну маңызды. «Ғасырлар тоғысындағы ұлы қайта құрушылардың осы шағын шоғырына Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та кіретіні сөзсіз. Мемлекет басшысы Қасым–Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Әбішұлының көпжылдық серігі және оның стратегиялық бағытын жалғастырушы өзінің бір кітабында былай деп жазды: «Бүкіл әлем «әлемнің екі бөлігі – Еуропа мен Азия, екі өркениет – Шығыс және Батыс, екі саяси жүйе - тоталитаризм мен демократияның қиылысында пайда болған «Назарбаев феномені» туралы айтады». Шынында да, кеңінен алып қарағанда, әлемде мұндай деңгейдегі саясаткерлерді табу қиын. Қазақстандағы барлық прогрессивті өзгерістер оның есімімен байланысты. Әлемде «тарихтың соңы» мен «өркениеттер қақтығысы» туралы концепциялар кеңінен тарағанда, құрлықтың алтыдан бір бөлігі дезинтеграцияға ұшырағанда, еліміз көптеген өткір проблемалармен жалғыз қалғанда, Қазақстанға шешуші, тәжірибелі және қоғамды біріктіре алатын ұлт көшбасшысы қажет болды», - деді Көшербаев.
Ол Елбасының феноменалды көшбасшылығының, стратегиялық көрегендігі мен реформаторлық дарынының, болашақтың көкжиегін кеңейту қабілетінің арқасында Қазақстан мықты мемлекет, бастамашыл және жауапты халықаралық серіктес ретінде қалыптасқанын ерекше атап өтті.
Елімізде Кеңес Одағы ыдыраған соң 1990-шы жылдардың бірінші жартысындағы әлеуметтік-экономикалық коллапс қысқа мерзімде еңсерілді.
Жаңа қоғамдық-саяси институттар құрылып, экономика нарықтық жолға түсті, халықаралық байланыстар жаңадан орнатылды. «Алдымен – экономика, содан кейін – саясат» қағидаты табысты жұмыс істеді.
«Ел астанасын көшіруді Тұңғыш Президенттің теңдессіз қадамы, қуатты саяси ерік-жігерінің, көрегендігі мен батылдығының көрінісі деп атауға болады. Қысқа мерзім ішінде Қазақстанның шетсіз-шексіз даласында заманауи мегаполис пайда болды, бүгінде оған бас шабыт берушісі мен сәулетшісінің есімі берілді. Елбасының бастауымен қолжеткізілген еліміздің жетістіктері туралы ұзақ айтуға болады. Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылық феномені көп қырлы. Іс жүзінде ол Қазақстанның заманауи мемлекеттілігін құрды, елдің табысты және ұзақ мерзімді дамуының қуатты іргетасын салды. Бүгінде осының арқасында Қазақстанның көпұлтты халқы болашаққа сеніммен қарайды», - деп атап өтті Қырымбек Көшербаев Елбасының жаһандық ойлау деңгейін ерекше атап өтіп.
Бұл үлкен халықаралық резонанс тудырған ядролық арсеналдан бас тарта отырып, Семей полигонын жабу туралы шешім; Азия құрлығында тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, бүгінде жиырмадан астам елді біріктіретін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті құру бастамасы; өкінішке орай, бірер жыл өткен соң ғана іске асырылған, бірақ өзінің өзектілігін дәлелдеген Еуразиялық одаққа бірігу идеясы.
2015 жылы ортақ нарығы 185 миллион адамды құрайтын ЕАЭО өз жұмысын бастап, серпінді дамуын жалғастыруда.
«Елбасы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын құруға және дамытуға елеулі үлес қосты. Бұл халықаралық алаң 20 жылға жуық уақыт бойы ықпалы мен беделін арттыра отырып, өзінің тиімділігін көрсетіп келеді. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бастамасы бойынша елордамызда он бір жылдық үзілістен кейін ЕҚЫҰ Саммиті өткізілді. Қазақстан астанасында тұрақты, үш жылда бір рет өткізілетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірегей съездері кеңінен танымал. Олардың бастамашысы да Нұрсұлтан Назарбаев болды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті әлемдік қоғамдастықта шебер және беделді келіссөз жүргізуші ретінде танылды. Нұрсұлтан Назарбаевтың бітімгершілік күш-жігерінің арқасында көптеген өңірлік проблемалар шешілді немесе дипломатиялық арнаға ауысты. Атап айтқанда, бұл жерде Сирия бойынша Астана процесі, Алматыдағы Иран мәселесі бойынша келіссөздер туралы айтуға болады. Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке делдалдығының арқасында 2015-2016 жылдары Ресей-Түркия қатынастарындағы елеулі дағдарыс шешілді. Жалпы, диалог пен сенім сияқты қағидаттар Қазақстанның сыртқы саясатының айрықша белгісіне айналды», - деп түйіндеді еліміздің мемлекеттік хатшысы Елбасының сыртқы тректегі барлық бастамалары әлемдік экономика мен саясатты түбегейлі жаңарту үшін аса қажет екенін жеткізе отырып.
Олар Нұрсұлтан Назарбаевтың терең дүниетанымынан туған, жасампаздық сипатқа ие және «ковидтан кейінгі» даму мен жаңа сын-қатерлер дәуірінде ұлттардың жаһандық қауымдастығының мүдделеріне сай келеді.
Пікір қалдыру