Жартылай ауыр салмақ бойынша WBA-ның супер-чемпионы Бейбіт Шүменов пен словак Тамаш Ковачтың ұрысы әлемдік бокста "Советтік спорт" нұсқасы бойынша, өткен аптаның ең басты он жаңалықтың бірі болып саналды. Бұл жөнінде Vesti.kz. сайты хабарлайды.
Шүменов-Ковач ұрысы 15 желтоқсан күні Сан-Антониода өткен болатын. Үшінші раундты техникалық нокаутпен жеңген қазақстандық бауырымыз, әрбір раундты нокдаундпен аяқтап отырды. Boxrec.com тәуелсіз рейтінгтік порталында Шүменов 70 боксшыны ысырып тастап, 32 орынға дейін жоғарылады.
Осы кездесуге дейін ол жарты жыл уақыт рингке шықпаған еді. Жеңімпаздың келесі қарсыласы жартылай салмақтағы IBF-дан әлем чемпионы 48 жасар американдық Бернард Хопкинс болады деген болжам бар.
Шүменов оның алдында ғана Хопкинспен бокстасу үлкен құрмет деген мәлімдеме жасаған еді. Американдықты қаншалықты сыйласа да рингте бар күшімен қарсыласатынын айтты. Промоутерлік Golden Boy компаниясының атқарушы директоры Ричард Шефердің ойынша, бұл ұрыс Сан-Антониодағы "Аламодоум" аренасында өтуі мүмкін.
Пікір қалдыру