Жаңа қаулы. Қазақстанның 5 өңірінде карантин күшейтіледі

/image/2021/05/14/crop-102_12_706x941_b200c0346a6ec3d2.jpeg

Шымкент қаласы және Маңғыстау, Солтүстік, Шығыс, Батыс Қазақстан облыстарында карантин шараларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл туралы өңірлердің бас санитар дәрігерлері мәлімдеді.

Шымкент қаласының бас санитар дәрігері А. Тулебаев коронавирус инфекциясын алдын алу үшін өз қаулысына жаңа өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Қаулыда төмендегідей талаптар бар:

  • Ұлттық құрамаға, клубтық командаларға және спорттық жаттығуға, қалалық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын өткізуге рұқсат етіледі; (30 адамнан аспай)
  • Спортшылар мен жаттықтырушылар құрамына коронавирусқа қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттама ұсынған жағдайда облыстық командаларды дайындау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат беріледі;
  • медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, балалар үйінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған интернет типіндегі оқу орындарында санитариялық-дезинфекциялық режим қамтамасыз етілуге тиіс.

Маңғыстау облысының бас санитар дәрігері Г. Надуев карантиндік жаңа шектеу шаралары 17 мамыр сағат 00:00-ден бастап күшіне енетінін ескертті.

  • мерекелік, ойын-сауық, көпшілік мәдени, спорттық, білім беру іс-шараларды, көрмелерді, корпоративті, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;
  • ойын-сауық мекемелері мен букмекерлік кеңселердің қызметі тоқтайды;
  • облыстық командалардың (мәдениет, білім, спорт саласында) спортшылардың жеке спорт түрлері бойынша жарыстарға, конкурстарға, олимпиадаларға "қызыл аймақтарда" орналасқан өңірлерге және Қазақстаннан тыс жерге шығуына тыйым салынады;
  • азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарлар, сауда үйлері мен сауда орталықтарының қызметіне рұқсат беріледі;
  • мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне рұқсат етіледі;
  • медициналық ұйымдар, дәріханалар жұмысын бастайды.

Солтүстік Қазақстан облысының бас санитар дәрігері Ә. Жұматаев коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында 11 мамырдағы №12 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

"2021 жылдың 1 наурыздағы №6 қаулысы "Әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу критерийлері" атты қосымшасындағы 21 жол редакиялап жазылсын" делінген бас санитар дәрігердің құжатында.

Аталған қаулыға сәйкес, діни объектілердің жұмысына рұқсат беріледі. Бірақ сыйымдылығы 30 пайыздан аспай, 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес болуға тиіс.

Шығыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері Қ. Турдиев 14 мамырда карантин шаралары туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

ШҚО-ның барлық аумағында 2021 жылғы 16 мамырдан бастап 30 мамырға дейін шаруашылық және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылады.

Батыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері М.К. Арыспаев 12 мамырда қабылданған №12 қаулысы 2021 жылғы 15 мамырдан бастап күшіне енеді.

  • мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің кемінде 80%-ын (адам саны 15 және одан жоғары) "қашықтан" жұмыс нысанына ауыстыру, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік қызметкерлерінің кемінде 50%-ын "қашықтан" жұмыс нысанына ауыстыру ұсынылды;
  • CОVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің штатық режимде жұмыс істеуіне рұқсат беріледі;
  • жиналыстарды, кеңестерді, семинарларды, конференцияларды оффлайн режимде өткізбей, тек селекторлық режимде және бейнеконференциялық байланыс арқылы өткізуге тиіс;
  • 5 (бес) жасқа дейінгі балаларды қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтау арқылы 5 (бес) адамнан аспайтын жеке, топтық спортпен шұғылданумен айналысу жағдайларын қоспағанда, ашық ауадағы қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, оларға қызмет көрсетуге және демалуға арналған үй-жайларда, қоғамдық көліктерде медициналық немесе мата бетперделерді кию міндетті;
  • контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныпта балалар саны 15 адамға дейін дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат етіледі;
  • білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат беріледі;
  • ата-аналардың өтініші бойынша, сыныпта балалар саны 15 адамнан аспай, мектепалды сыныптардың оқушылары үшін жалпы білім беретін мектептерде 1-5 сыныптарды қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-7 сыныптарды қоса алғанда, аралас форматта оқытуға болады;
  • бітіруші сыныптар (9, 11, 12) аптаның 6 күні ішінде аралас форматта оқиды. Пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтан оқытылады.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар