Вакцинаның екі компонентін алғаннан кейін қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды

/image/2021/05/14/135037998500.jpg

ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының "Саниятариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы" филиалы директорының орынбасары Манар Асырқызы COVID-19 вакцинасының екі дозасын алғаннан кейін коронавирус жұқтыру деректері туралы айтты.

Ол орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші компонентін алғаннан кейін 44 адам ауырып қалғанын мәлімдеді.

– Иә, мұндай жағдайлар тіркеледі. Бірінші және екінші компонентті алғаннан кейін коронавирус инфекциясын жұқтырғандар тіркелді. Өйткені иммунитет әлі қалыптаспаған, – деді Манар Асырқызы.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар