Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы және «Қазақстан хор дирижерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі 14 мамыр күні "Музыкалық VUCA әлемі: орындаушылық пен көркемдік кеңістікті ұғынудан социумға дейін" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.
Конференция Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы аясында өткізіліп, әр елдердің мәдениет және өнер шеберлерінің басын біріктірді.
"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласында қойылған міндеттердің бірі Қазақстанның әлемдік музыкалық кеңістікке интеграциялануы. Осы тұрғыда қазақстандық музыканттардың түрлі елдердің музыкатанушыларымен тығыз шығармашылық өзара қарым-қатынасын орнатуы отандық әдебиет, өнер мен мәдениет тарихындағы жаңа белеске айналады.
Елбасы Н.Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұлттық сана мен мәдениет деңгейін арттыруға және жалпыға бірдей руханиятты дамытуға бағытталған жаңа тиімді бағдарламаларды жасау және енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бүгінгі "Музыкалық VUCA әлемі: орындаушылық пен көркемдік кеңістікті ұғынудан социумға дейін" халықаралық ғылыми-практикалық конференция - осы үлкен ұлттық жобаның маңызды.
Бұл ауқымды іс-шара барысында әртүрлі байланыс түрлері қолданылды:
қашықтықтан (онлайн-трансляция немесе бейнежазба арқылы);
сырттай (стендтік баяндама).
Конференцияда төмендегідей әртүрлі тақырыптар талқыланды:
Тәуелсіз Қазақстан және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері жылдарындағы көркемдік пайымдаудың кеңістік-уақыт константалары;
музыкалық орындаушылық / білім және педагогика;
қазіргі музыкалық мәдениеттегі хор орындаушылық;
дәстүрлі музыкалық мәдениет: тарих пен қазіргі заман;
музыкалық өнер саласындағы инклюзивті білім беру;
медиамәдениет кеңістігіндегі музыка мен орындаушылық өнердегі ақпараттық технологиялар;
музыка мәдениеті мен өнерінің көрнекті қайраткерлері – 2021 жылғы мерейтой иелері.
Конференцияға музыка өнері саласындағы жоғары, орта, қосымша білім беру мекемелерінің зерттеушілері, орындаушылары, оқытушылары мен мамандары, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры, өнер ғылымдарының магистрі С.Т.Нұрмолдаевтың алғы сөзінен кейін келесі спикерлер өз баяндамаларын жасады:
Саида Елеманова – Өнертану ғылымдарының кандидаты, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Музыкатану және композиция» профессоры (г.Алматы, Қазақстан).
Бағлан Бәбіжан – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Халық әні» кафедрасының аға оқытушысы (Алматы қ., Қазақстан).
Клара Төленбаева – Қазақстан еңбек қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің «Дәстүрлі ән» кафедрасының аға оқытушысы (Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан).
Александр Владиславович Соловьев – Попов атындағы хор өнері академиясының ректоры, П. И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы камералық хорының көркемдік жетекшісі (Москва қ., Россия)
Наталья Ефимова – өнертану ғылымдарының докторы, В.С. Попов атындағы хор өнері академиясының ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры (Ресей, Мәскеу),
Наталья Кошкарева – өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор, М.М. Ипполитова-Иванова атындағы Мемлекеттік музыкалық-педагогикалық институтының «Дирижерлік академиялық хор» кафедрасының меңгерушісі. (Москва қ., Россия).
Гульмира Куттыбадамова – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университеті «Хор дирижері» кафедрасының профессоры, «Қазақстан хор дирижерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Хор өнері саласындағы халықаралық сарапшы, Бүкіләлемдік Interkultur хор кеңесінің мүшесі (Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан).
Анна Пацюк – ToP-facilitator, бизнес-тренер, retail-кеңесші, (Алматы қ., Украина – Қазақстан).
Юлия Молдабергенова –«BRAND YOU», МВА жеке брендтерінің сарапшысы және агенттіктің негізін қалаушы (Алматы қ., Қазақстан).
Жандос Байжанбаев –«К-Медиа» RECORD директоры (Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан).
Зимфира Полоз - Орталық балалар хорының бас дирижеры, Торонто университетінің профессоры, хор өнері саласындағы халықаралық сарапшы, дүниежүзілік Interkultur хор кеңесінің мүшесі (Торонто қ., Канада).
Мадина Санкибаева – «Шаңырақ» отбасылық орталығының жетекшісі (Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан).
Айгерим Оспанова – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының докторанты (Алматы қ., Қазақстан).
Серік Тоқтасынұлы Нұрмолдаев – Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры, өнертану ғылымдарының магистрі (Алматы қ., Қазақстан).
Модератор – Раушан Малдыбаева, өнертану ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры.
Онлайн-конференция қашықтыққа, шектеулер мен кездесуге мүмкіндіктің болмауына қарамастан, мәдени және ғылыми байланыстарды сақтауға және дамытуға мүмкіндік берді. Конференция шеңберінде тез өзгеретін заманауи кеңістіктегі музыка, музыкалық білім және вокалдық өнердің соңғы тенденциялары мен жаңа үрдістерді ұғыну бойынша, сондай-ақ, олардың жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыру мен дамуына әсер етудегі рөлін түсіну тұрғысынан көп қырлы жұмыстар жүргізілді. Спикерлердің сөздері арасында филармония ұжымы - Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы және «Тұран» этно-фольклорлық тобы өнер көрсетті.
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының баспасөз қызметі
Пікір қалдыру