Азық-түлік бағасының қымбаттау себебі айтылды

/image/2021/06/18/crop-90_30_1032x1376_7896544123555.jpg

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі азық-түлік бағасының өсу себебін түсіндірді. 

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 6, 7 пайызға өскен. Ал 2020 жылы 5,5 пайызды құраған. 

Бірінші жартыжылдықта негізгі өсім 6 позиция бойынша байқалған. Атап айтқанда:

• Жеміс-көкөніс өнімдері. Оның ішінде сәбіз, картоп, соңғы екі айда баға айтарлықтай өскен. Картоп 48,6 пайызға, сәбіз 53,5 пайызға қымбаттаған.

• Жұмыртқаның қымбаттауына 2020 жылы өндірістің қысқаруы, азықтың қымбаттауы, құстарды вакцинациялауға субсидия алынып тасталуы, жұмыртқа құнын арзандатуға ақшаның уақтылы бөлінбеуі, жұмыртқа өндірісіне берілетін субсидияны 50%-ға қысқарту себеп болған. Нәтижесінде 34 ірі құс фабрикасының ішінен 5 өндіруші жабылған.

• Тауық етінің қымбаттауына құс тұмауының өршуі, құс санын азайту және жем құнының артуы, электр энергиясына тарифтің 15%-ға қымбаттауынан тауық етінің 1 келесі 6,1 теңгеге ұлғайған. 

• Қарақұмық өндірісі 2020 жылы 10,9 пайызға төмендеген. Оған қарақұмық егіс алқаптарының 99 245,4 гектардан  57 917,6 гектарға қырқаруы себеп болған.

• Қант өндірісі 2019-2020 жылдар кезеңінде 29 пайызға төмендеген. Қызылша егіс алқаптары 17 мың гектардан, 15,2 мың гектарға дейін қысқарған. Сондай-ақ ресейлік және белорусьтік өндірушілер бағаны өсірген. 

• Базарларда жеміс-көкеніс өнімдері қымбаттауына астықты сақтау үшін жеткілікті заманауи қуаттардың болмауы, сәйкесінше қорлардың сарқылуы себеп болып, маусым айынан бастап баға өскен. 

– Осыны ескере отырып, монополияға қарсы орган бағаларды тұрақтандыру жөніндегі үкіметтің жол картасына тауар нарықтарын дамыту, молықтыру жөніндегі шаралар кешенін енгізді. Бұған егіс алқаптарын ұлғайту және импортқа тәуелді тауар нарықтарын субсидиялау, субсидиялаудың тұрақтылығын қамтамасыз ету, субсидиялауға арналған өтінімдерді қарау мен қанағаттандырудың ашықтығын арттыру, өңірлердің қажеттілігін ескере отырып, сауда-логистикалық инфрақұрылым объектілерін (көкөніс қоймаларын, жылыжай кешендерін) ұлғайту, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді тежеу шараларын уақтылы қабылдау мақсатында өндіріс пен тұтыну теңгерімдерін және бағаларды болжау тетігін жүргізу шаралары кіреді. Қабылданған шаралар бағаны көтерудің экспоненциалды трендін төмендетуге мүмкіндік берді, – деп қорытындылады агенттік өкілдері. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар