Атырау облысының әкімі қандай жағдайда отставкаға кететінін айтты

/image/2021/06/18/crop-120_8_436x581_photo_365087.jpeg

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бірінші орынбасарының кінәсі дәлелдеген жағдайда отставкаға кетуге дайын екенін айтты. Бұл туралы ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте мәлімдеді.

– Мен тергеу мен сот процесінің барысы туралы пікір айта алмаймын. Мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес, кез келген саяси қызметшіге тікелей бағынышты қызметкер сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін ұсталса, ал ең бастысы, сотта оның кінәсі дәлелденсе, оның басшысы отставкаға кетуі керек. Мен де осы заңға бағынамын. Сондықтан тиісті сот шешімі шықса, бәрін заң бойынша жасаймын, – деді облыс әкім.

2020 жылдың қыркүйегінде Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаров ұсталған болатын.

Күдіктілерге Күлсары қаласында жаңадан салынған емхана кешенін қабылдау туралы актілерге қол қойғаны үшін 185 миллион теңге пара алды деген айып тағылған. Алайда әкім орынбасары өзінің кінәсіз екенін айтады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар