Сәкен Бибосынов: 18 миллион халық сенім артып отырғандықтан бар-күш жігерімді салдым

/image/2021/07/31/crop-133_33_821x1095_8.jpg

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Токио олимпиадасындағы жеңісті жолын жалғастыруда, деп хабарлады olympic.kz сайты. 

52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін боксшы 1/8 финалда француз Билал Беннамды 5:0 есебімен жеңген.

 – Жекпе-жек оңай болған жоқ. Қарсылам өте мықты боксшы. Бұған дейін екеуіміз екі мәрте рингте кездескенбіз. Есебіміз – 1:1. Кейінгі жарыста мен оған жол берген едім. Сондықтан осы жолы кеткен есемді қайтаруға шықтым. Жеке бапкерімнің жоспарын дұрыс орындап жеңіске жеттім. Елді ары қарай қуанту үшін бар күш-жігерімізді саламын.

Жеке бапкеріммен қарсыласымды жіті зерттедік. Ол жалғыз соққы көп жасайды, сондықтан қарымта соққылар жасау керек болды. Жақын қашықтықта тұрмау, жылдам жұдырықтасу деген жоспар қойылды. Соны орындап шықтым. 

Олимпиадада бәрі бар күш-жігерін салып жатыр. Сондықтан оңай болып жатқан жоқ. Соңғы раундта шаршадым, бірақ артымда 18 миллион халық сенім артып отырғандықтан бар-күш жігерімді салдым. Келесі қарсыласым Эскобардың жекпе-жектерін көріп жүрмін. Бірақ шаршы алаңда кездескен жоқпыз. Жеке бапкеріммен жоспар құрып, жеңіске жетіп елді қуантамыз, –  деді боксшы.

Сәкен Бибосынов ширек финалдағы қарсыласы испаниялық Габриэль Эскобар. Қос боксшы 3 тамыз күні жартылай финалдық жолдаманы сарапқа салады. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар