Токио-2020. Закир Сафиуллин жекпе-жексіз ширек финалға өтті

/image/2021/07/31/crop-147_53_950x1267_99.jpg

Қазақстандық боксшы Закир Сафиуллин Токиодағы 2020 жылғы олимпиада ойындарының ширек финалына шықты, деп хабарлады vesti.kz. 

63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финалда Сафиуллин жапондық Дайсуке Наримацумен сынға түсуі керек еді. Алайда жапондық спортшы жарақатына байланысты рингке шыға алмады. Осылайша Сафиуллин жекпе-жексіз олимпиада турнирінің ширек финалына өтті.

Қазақстаннан 2020 жылғы олимпиаданың ширек финалына Әбілхан Аманқұл (75 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келі) және Сәкен Бибосынов (52 келі), Закир Сафиуллин (63) шықты.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар