Токио-2020. Сәкен Бибосынов ширек финалға шықты

/image/2021/07/31/crop-75_3_345x459_89.webp

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Токио олимпиадасының ширек финалына шықты, деп хабарлады Vesti.kz. сайты. 

52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандық боксшы 1/8 финалда француз Билал Беннамды 5:0 есебімен жеңді.  

29 жастағы Бибосынов 2019 жылғы әлем чемпионаты мен 2021 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған. 

Қазір Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар