Мектеп оқушылары сабақ кезінде бетперде тағуға міндетті ме?

    Мархабат Ілияс
    Мектеп оқушылары сабақ кезінде бетперде тағуға міндетті ме? Фото: bilimdinews.kz

    Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева сабақ уақытында оқушылар маска режимін сақтайтынын айтты.

    – Балалар сабақта бетперде киеді, бірақ асхана мен дене шынықтыру сабағында бетперде кию міндетті емес. Дене тәрбиесі далада болатындықтан, қашықтық сақталады. Асханада біз де барлық санитарлық нормалардың сақталуын талап етеміз, – деді ол.

    Білім басқармасының басшысы барлық мектептің балалары маскамен толықтай қамтамасыз етілетінін атап өтті. 

    – Балаларды антисептикпен және маскалармен қамтамасыз ету ата-аналардың мойнында. Егер ата-аналардың мұндайға мүмкіндігі болмаса, онда мектеп маскамен қамтамасыз етеді, – деп сөзін түйіндеді Л.Жылқыбаева.

    Қатысты тегтер :

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025