Алматы облысына қарасты Кемертоған ауылының айналасындағы өрт сөндіріліп жатыр. Тұрғындар "Қамшы" редакциясына хабарласып, Қаскелең қаласының өрт сөндірушілері көмекке келгенін айтты.
Кемертоғандықтар бүгін ғана өртті сөндіруге Қаскелеңнің 4-ші каналынан еріктілер жұмылдырылғанын айтып, алғыстарын білдірді.
"Бүгін ғана өртті өшірейін деп жатыр. Өрт сөндірушілер таңертең келген. Түскі асын да, су да ішпеген. Үш күн бойы өшпей тұрған өртті осылар өшіріп жатыр" дейді ауыл тұрғыны.
Бұған дейін редакциямызға тұрғындар ауыл маңының 3 күннен бері өртке оранып жатқанын айтып, шағымданған. Әкімдік өртті сөндіруге уәде беріп, артынша жұмысты аяқсыз қалдырған. 3 күннен бері жанып жатқан өрт аумағы шамамен 5-6 гектар аумақты құрайды.
Кемертоған: Алапат өрт Қазақстанға да жетті ме? (видео)
Пікір қалдыру