"Оқытушылардың жалақысы 2 есеге артады". Вице-премьер бірқатар тапсырма берді

/image/2021/08/12/crop-95_6_408x545_777777.jpg

Бүгін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда бұқаралық спортты одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте спорт мектептері оқытушыларының жалақысын көтеруді тапсырды.

– "Nur Otan" партиясының мамандандырылған спорт мектептері оқытушыларының жалақысын 2023 жылға дейін екі есеге арттыру, 2025 жылға дейін әрбір ауылдық округті спорт нұсқаушысымен қамтамасыз ету жөніндегі жол картасы іс-шараларының орындалуын ерекше бақылауға алу керек, – деді Тоғжанов.

Сондай-ақ ол спортқа бағытталатын бюджеттік және бюджеттен тыс қаражаттың тиімді жұмсалуына қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар