Әлеуметтік жаңғырту 8 және 9- тапсырмалар

/uploads/thumbnail/20170708195428658_small.jpeg

8-ші ТАПСЫРМА

ҚР Үкіметі 2012 жылдың соңына дейін:

- «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен бірлесіп, акционерлендірілген ұлт­тық компанияларға жүйелі түрде алдын ала экономикалық және заңгерлік аудит жүр­гізуді, олардың нәтижелерін әлеуетті миноритарийлерге жеткізуді қарастыра отырып, «халықтық ІРО-ның» тұңғыш тәжірибесіне кең көлемді талдаулар жүргізетін болсын;

медиация институтын дамытуға бағыт­талған заң аясындағы құқықтық базаның

қабылдануын қамтамасыз етсін;

- даулар мен жанжалдарды соттан тыс реттеудің осы тетіктерін дамыту мақ­са­тын­даМедиаторлардың ұлттық конференциясын өткізуге бастамашылық етсін.

Төртіншіден, кәсіптік одақтар институттарын жаңғыртуды жүргізу керек.

Мемлекеттің еңбек қатынастарын жетілдіру мәселелеріндегі негізгі әріптестерінің бірі - кәсіподақтар. Сонымен бірге ең іргелі кәсіподақ ор­талығы - Қазақстан кәсіптік одақтар федера­циясының (ҚКФ) қазіргі қызмет пішіні уақыт талабына сәйкес келмейді, өйткені ол «кеңестік үлгінің» салалық қағидаты бойынша құрылған.

Кәсіптік одақтар туралы тиімділігі төмен заңнама елеулі түйінді мәселе болып табылады. Онда ұжымдық шарттар, тараптардың оларды орындауға жауаптылығы туралы қағидалар онша дәл баян етілмеген.

Сондықтан қазір кәсіподақтар қозғалысын, ең алдымен  ҚКФ-ны, жаңғырту жөнінде батыл қадамдарға баруға тура келеді.  

9-шы ТАПСЫРМА

ҚР Үкіметі 2012 жылдың аяғына дейін  кәсіптік одақтар туралы заңнаманы кешенді талдаудан өткізсін және оны өзгерту жөніндегі заң жобасын жасасын.

3. Өмір сапасының қазақстандық үлгі-қалыбы

Мен Қазақстандағы әлеуметтік жаңғырту бәрінен бұрын барлық қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға, кедейлердің санын азайтуға және әлеуметтік дүбәралыққа жол  бермеуге бағытталуы керек деген сенімдемін.

2020 жылға қарай экономиканың өсуі ғана емес, әлеуметтік құрылымның ауқымды өзгеруі орын алатындықтан да бұл өте  маңызды. Атап айтқанда, ІЖӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі 40 пайызды құрайды. Еңбекпен қамтылу құрылымында білікті мамандардың  үлесі де 40 пайызға жетеді.

Басқаша сөзбен айтқанда, елде жаппай орта  тап қалыптасуда.

Бүгінде Қазақстанда өмір сапасының белгілі бір әлеуметтік үлгі-қалыптарын, соның ішінде мемлекет кепілдік ететіндерін де, белгілеу үшін тиісті әлеует те, экономикалық  алғышарттар да бар.

Бұл орайда мен әрбір қазақстандық өзінен бас­тауы  керек: өзінің үйінен, қаласынан, ауылынан бас­тауы, өзінің денсаулығы мен өмір сүру салты туралы ойлануы керек екенін баса айтқым келеді. Мұнсыз ешқандай жаңа өмір сапасы орнамақ емес.

Әрбір ауыл мен қала тазалықтың, көр­кею­дің, тәртіптіліктің үлгісіне айналуы керек. Қолда барды сақтап, көбейте беру үшін әрбір қа­зақстандық еңбекқор әрі құнтты қожайын болуы жөн.

Әйтпесе, мысалы, Еуропа неге бай тұрады? Өйткені ондағылар атам заманнан бері құнт­тылық өнерінеүйренген. Ал бізде болса әйтеуір көз қылып жүре бергілері келеді. Мұндайда құнттылық қайдан болсын!

Әлеуметтік дүбәралыққа жол бермеу және өмір сапасын ұдайы арттыру үшін әлеуметтік үлгі-қалыптар мен кепілдіктер туралы тиісті заңнаманы жасау жөн.

Мұндай заң ең алдымен өмір сапасының негізделген ең аз түйінді өлшемдері мен көрсет­кіш­терін қамтуы керек, оған жалақының, зейнетақы мен жәрдемақылардың деңгейі, кепілді меди­ци­налық қызметтің ауқымы, әр қа­зақ­стандыққа шақ­қандағы төменгі тұтыну кәр­зең­кесін қалыптастыру тетігі, тағы басқалары қо­сылуы жөн.

Өмір сапасының қазақстандық үлгі-қалыбы барлық жерде - ірі қалада да, алыстағы ауылда да орындалуға тиіс.

Әлеуметтік  үлгі-қалыптың өлшемдерін орындау үшін отандық бизнестің ғана емес, Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік бизнестің де жауапкершілігін арттыру керек.

Заң шығарушылар бұл үшін тиісті құқықтық шек-шеңбер жасауы қажет. Бизнестің жекеше түрі өзінің «заңдарын» белгілеуге құқық бер­мей­ді. Сондықтан да лауазымды тұлғалардың, жұмыс берушілердің бұл үлгі-қалыптарды сақтау үшін жауапкершілік деңгейін заң жүзінде ай­қындау маңызды. 

 

 

 

 

 

 

 

Қатысты Мақалалар