Жақында Алматы қаласында жеке көліктің жүк салғышығана тығып қойған бейне бақылау аппараты туралы видео әлеуметтік желіде қызу пікір-талас тудырған болатын. Аталмыш даулы видеоға қатысты құзырлы органдағылар пікір білдірген екен. Бұл туралы «Қамшы» порталы kolesa.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Алматылық әуесқой көлік жүргізушілерінің бірі жол жиегіндегі жеке көліктің ішінен тығылып түсіріп тұрған белгісіз азаматты байқап қалған. Жақындап келгенде көлік ішінде соңғы технологиялы жол патрульдік полициясына тиесілі бейне бақылау құрылғысы екенін көрген.
Бұл видео әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырған.
Жақында даулы видеоға қатысты құрызлы органдағылар kolesa.kz-ке түсініктеме берген.
Жеке көлік ішінен табылған «Кордон» стационарлы кешені болып шыққан. Бұл құрылғы автоматты түрде бақылау аймағындағы барлық көліктің жылдамдығын бір мезетте көрсетіп, жол ережесін бұзушыны анықтай алады. Сондай-ақ, автоматты түрде екі сурет дайындайды. Оның бірі жалпы план суреті болса, екіншісі жол ередесін бұзушыны ерекшелеп көрсетеді. Мысалы, стационарлы «кордон» кешені бір мезгілде көліктің нөмірін, бағытын, күні мен уақытын, жылдамдығын және сол аймақтағы жүруге қалыпты жылдамдықты, бақылау учаскесін, географиялық координатын, серия нөмірін, жарамдылық мерзімін анықтап береді.
ЖПП мамандарының айтуынша, жеке көлік ішіндегі құрылғы сынақтан өткізіліп жатқан. Алдағы уақытта Алматы көшелеріне орнатылатын болады. Ал әлгі қолапайсыз сынақтың немен аяқталғандығы туралы ақпарат көрсетілмеген.
«Қамшы» сілтейді