Болашақ пен жастар - көбіне бірдей көретін, ал негізінен екі ұғым. Жастық шақ ештеңеден қорықпайды, әлем үшін ашық, арманға толы, оқуға дайын, өз мақсатарына жету жолында кедергілерді елей бермейді. Бұл туралы Қамшы порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Әлем жас азаматтар ашқан көптеген жаңалықтар, бизнестің талай табысты оқиғаларын біліп отыр. Бүкіл әлемдегі жас азаматтар бүгінде бизнеспен белсенді айналысып, кәсіпкерлік қызметтің жаңа идеяларын түрлендіріп, тәуекелге бел байлаудан, жаңадан бастаудан қорықпайды.
Бүгінде қазақстандық жастар - қоғамның әлеуметтік-демографиялық құрылымында ең ірі әлеуметтік топтардың бірі. Елдегі 18 бен 29 жас аралығындағы жас азаматтардың саны республика тұрғындарының жалпы санының шамамен 20 пайызын құрап отыр. Жастар үлкен әлеуетке ие және шағын бизнеспен белсенді айналыса алады. Жас азаматтар құрған шағын кәсіпорындар тұтынушылық сұраныстың барлық қалауын уақытында елей алады. Жастардың жеке бизнес құру ісіндегі әлеуеті үлкен.
Тәжірибесіз, қаржы болмай бәсекелестік жағдайында жеке бизнесті ашу, әрине, оңай іс емес. Жастардың көп бөлігі (сарапшылардың мәліметтерінше - 80 пайыздан астамы) жеке бизнесті жүргізгісі келгенімен амалсыз жалдамалы қызметкерлер болып жатыр. Мемлекет тарапынан жастардың бойындағы жанып тұрған кәсіпкерлік рухына қолдау көрсетіп, бастапқы кезеңде кеңес беру, сондай-ақ қаржылық қолдау көрсету өте маңызды.
Бүкіл әлемде мемлекет жастардың бастамаларына үлкен көңіл аударып отыр. Австрия Федералдық экономика палатасының жанында ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге жеке бизнес ашуға қажетті құқықтық және тәжірибелік ұсыныстар беретін консалтинг орталығы бар Австрияның жас экономикасы арнайы ұйымы қызмет атқарып жатыр. АЖЭ негізінен бюджеттен қаржыландырылады.
40 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлер мен басқарушы қызметкерлерді біріктіретін Федералдық деңгейдегі бірлестік сондай-ақ, Германияда да бар. Ұйымның алдында кәсіпкердің Қоғамдағы жоғары мәртебесін қолдау міндеті тұр. Кәсіпкерлердің тағы бір жастар бірлестігі - Отбасылық кәсіпорын иесі жастар одағы. Одақ өз жұмысын 1950 жылдан бері жүргізіп келеді. Одаққа 10 жұмыскерден немесе жылдық айналымы 1 млн. еуродан кем болмайтын кәсіпорын иесі мүше бола алады. Одақ мүшелігіне сондай-ақ, бес жылдың ішінде кәсіпорынды қажетті деңгейге шығаруға мүмкіндігі бар екенін дәлелдеп шыққан ісін жаңадан бастап жатқан кәсіпкер де кіре алады.
Осыған ұқсас қорлар Канадада да бар. Жастар кәсіпкерлігінің қоры федералдық деңгейдегі коммерциялық емес ұйым болып табылады, оны Канаданың Өнеркәсіп министрлігі де, ірі банктер де қаржыландырады. Қор көмегі арқылы 4000-нан астам жас кәсіпкерлер инвестицияланды.
Жапонияда Жас кәсіпкерлер федерациясы (ЖКФ) көптеген жергілікті СӨП-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Болашағы зор идеяларды анықтау үшін Жапонияның СӨП жанындағы ЖКФ сондай-ақ бизнес-жоспарлардың жалпыұлттық байқауын ұйымдастырып отырады. Оның жеңімпаздарына жұмыстарын коммерцияландыру және басқару әдістерін жетілдіру бойынша қажетті кеңестер ұсынылып отырады.
Бастамашыл қазақстандық жастар да мемлекет қолдауына арқа сүйей алады. 2012 жылы «Жас кәсіпкер мектебі» жобасы аясында Шымкент қаласында жастар кәсіпкерлігін дамыту бойынша ілкі жоба іске қосылды. Үш айлық оқыту нәтижесі бойынша мектеп бітіруші екі жас азамат «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында грант алып, өз жобаларын табысты іске қосты.
2013-2014 жылдары жоба Қазақстанның бес аймағындағы жергілікті ЖОО және «Даму» қорының облыс орталықтары мен Астана, Алматы және Семей қалаларындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің 17 орталығында іске асырылды.
Мектеп түлектері білім алып қана қоймай, бизнес идеяларын тәжірибе жүзінде іске асыра бастады. Осылайша, жылыжайларға арналған жабдықтарды шығару, қояндарды өсіру, дамытатын компьютерлік қосымшаларды жасау және т.б. бизнес-идеялар «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының аясында мақұлданып, мемлекеттік грантқа ие болды.
«Болашақ» қауымдастығы жүлде қоры 25 млн. теңгені құрайтын «Startup «Bolashak» стартап-жобаларының байқауын іске қосты. Байқауға бүкіл Қазақстандағы 18 бен 29 жас аралығындағы жас азаматтар қатыса алады. Стартап-жобалар байқауында «Болашақ» Қауымдастығының 3 гранты қарастырылған. І орын үшін - 7 млн. теңге, ІІ орынға - 5 млн. теңге және ІІІ орын үшін - 3 млн. теңге, сондай-ақ ірі қазақстандық компанияның ұсынып отырған 10 млн. теңгені құрайтын грант және бар.
«Bolashak» Қауымдастығы кеңесі төрағасының айтуынша, байқауға қатысу жеке ісін енді бастап жатқан кәсіпкерлерге жобасын іске асырып, нақты бизнес-жоспарды құру, инвесторлармен кездесу, және ең бастысы - бастапқы капиталға ие болу мүмкіндігін беріп отыр.
Кәсіпкерлік адамға өз қабілеті, білімі, ақпараты және кірістерімен басқару еркіндігін береді. Ол елдің экономикалық өсіміне септігін тигізеді. Жеке бірегей оқиғаларды есепке алмағанда, жастар кәсіпкерлігі мемлекеттің қолдауынсыз өрісін тиісті түрде кеңейте алмайды.
Пікір қалдыру