Ақмола облысының Ерейментау ауданында психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде 910 бала оңалтудан өтті. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының баспасөз қызметінен хабарлады. Бұл туралы Қамшы порталы inform.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
«Кедергісіз келешек» және «Бақытты балалық» жобалары шеңберінде партияның Ерейментау аудандық филиалы психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде мүмкіндігі шектеулі балалармен кездесу ұйымдастырды.
Кабинет меңгерушісі «Нұр Отан» партиясының мүшесі Айгүл Хасенованың айтуынша, ауданда мүмкіндігі шектеулі балалардың тәлім-тәрбие алуы үшін барлық жағдай жасалынған.
«Балалар үшін түрлі қызықты әрі тартымды іс-шаралар өткізіп тұрамыз. Тәрбиеленушілеріміз облыстық байқауларға қатысып, әрдайым жүлделі орындардан көрінуде», - дейді Айгүл Хасенова.
Қазіргі таңда бүлдіршіндер қазан айының соңында Көкшетауда өтетін мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Жұлдызай» байқауына дайындық үстінде.
Жыл басынан бері логопед, психолог, емдеу-физикалық тәрбие жөніндегі нұсқаушы, әлеуметтік оқытушы мамандарымен 50-ден астам балаларға көмек көрсетілді.
Еске сала кетсек, аталған «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ осындан 11 жыл бұрын жергілікті мектеп-интернаты негізінде ашылған болатын. Содан бері мұнда 910 бала оңалтудан өтті. 2013 жылы мекемеге жеке ғимарат бөлінген болатын.
Пікір қалдыру