Өмірі өзгелерге өнеге жігіт

/uploads/thumbnail/20170708195558680_small.jpg

Ел ішіндегі тұрақтылық пен тұрғындардың қауіпсіздігін сақтауда құқық қорғау саласындағы қызметкерлердің еңбегі ерен. Бұл туралы "Қамшы" порталы Айқын-ақпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

 Өйткені  олар қоғамдық тәртіпті қырағылықпен сақтап, ел тыныштығын үлкен жауапкершілікпен күзетеді. Біздің бүгінгі әңгімемізге арқау болар азамат ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасының арнайы есепке алу бөлімінің аға прокуроры Әнуар Қасымов болмақ.

Әнуар Қасымов 1986 жылдың қаңта­рын­да қарапайым отбасында дүниеге кел­ген. Нұрлыбек пен Кариманың шаңы­ра­ғын­да Әнуардан бөлек Асқар, Жайна өсіп-жетілген. Кейіпкеріміз жеті жасынан бас­тап спортпен айналысып, талай до­да­ларда ел намысын абыроймен қорғаған. Жал­пы, Қасымовтар әулетінен Кеңес Ода­ғы кезінде самбодан спорт шебері, гим­нас­тикадан спорт шеберінің кандидаттары шық­қан. Осындай ортада тәрбиеленген Ән­уар да спорттан алыс кете алмапты.– Мені жеті жасымнан әкем спортқа же­те­леп апарды. Ең алғаш рет дзюдодан Таш­кент қаласында өткен жарыста 7 адаммен күрестім. Қарсыластарымның барлығы әлем чемпионатында, дүбірлі додаларға қатысып, тәжірибе жинақтаған дзюдошылар болатын. Ол кезде орындарды Олимпиадалық жүйе арқылы тағайын­дай­тын. Үшінші орынға ұтылып қалдым. Дүй­сенбі күні залға жаттығуға келсем, бапкерім өз қолынан грамота жасап, «Жеңіске деген ұмтылысы» үшін деп мені марапаттады. Ең алғашқы гра­мо­там мені талай шыңдарды бағындырып, биік­ке жетуіме қанат­тан­дырды, – дейді Ә.Қа­сымов.     
Кейіпкеріміз 2000 жылы Шымкенттегі Бекзат Саттарханов атындағы дарынды ба­лаларға арналған спорт мектеп-ин­тер­натына қабылданып, білімін жетілдірген. Не­бәрі, 15 жасында дзюдодан спорт шебері ата­нып, ҚР Ұлттық құрамасына қабыл­дан­ған. Сол жылы Таразда, Алматыда, Пав­ло­дарда, Түркияда өткен республикалық, ха­лықаралық жарыстарда 1 орындарды и­е­ленген. 2004 жылы Катарда дзюдодан жас­тар арасында өткен Азия чемпио­натын­да және Ресейде өткен халықаралық жарыста қоланы, 2005 жылы Украинада өткен халықаралық турнирде күмісті, дәл осы жылы Ресейде өткен Азия кубогінде қоланы еншілеген. Сондай-ақ 2005 жылы Қытайдың Тайпей қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында алтыннан алқа тағып, тәуелсіз елдің тарихында алғаш рет дзю­до­дан чемпион атанып, халқының шек­сіз ықыласына бөленген. Сол жылы Ре­сейде ТМД елдері арасында өткен жа­рыс­та және Шымкентте жастар арасында өт­кен ҚР біріншілігінде де чемпион атан­ған. 2006-2007 жылдары Швецияда, Бакуде өт­кен халықаралық жарыстарға қатысып, тәжірибе жинақтаған. 2010 жылы Қостанай қа­ласында самбодан ҚР құқық қорғау ор­ган­дары мен күш құрылымдары арасында өт­кен ел біріншілігінде және 2011 жылы Та­разда самбодан құқық қорғау органдары ара­сында өткен ҚР-ның чемпионатында кү­місті иеленген. 
–  Мен спорттың арқасында әлемнің бір­неше мемлекеттерінде болып, әр елдің та­рихымен, салт-дәстүрімен жақын та­ныс­т­ым. Тәуелсіз елімнің беделін әлемдік жа­рыс­тарда асқақтатып, әнұранын әуелеттім. Ата-ана үмітін ақтап, бапкерлерімнің се­ні­мінен шығуға талаптандым. Менің спортта жетістікке жетуіме атсалысқан, маған дұ­рыс бағыт-бағдар берген бапкерлерім Сер­гей Раков, Бақтияр Қасымов, Владимир Кичатовқа айтар алғысым шексіз, – дейді Ә.Қасымов.
2004 жылы Е.А.Букетов атындағы Қа­ра­ғанды мемлекеттік университетіне құжат тапсырып, білім алады. Оқу орнында да бел­сенділігімен көзге түсіп, қатарлас­тары­ның алды болып, талай жарыста қарсылас шыдатпай, жеңімпаз атанады. Жоғары оқу орнын «Дене шынықтыру және спорт» ма­мандығы бойынша тәмамдайды. 2008 жы­лы Қазтұтынуодағы Қарағанды эко­но­ми­калық университетін «Бизнес және құқық» фа­культеті бойынша тәмамдап, құқықтану мамандығын алып шығады. Еңбекқор жан 2008-2009 жылдары Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментіне қарасты жедел әрекет ету арнайы бөлімінде (СОБР) абы­рой­лы қызмет етіп, лейтенант шеніне дейін к­өтеріледі. Қызметінің қыр-сырын жақсы мең­герген маман кейін «Арлан» арнайы жа­сағына ауысады. Бойында білімге деген құштарлығы мен жоғары оқу орнында ойға түйгендерін жұмыс барысында да шебер қол­дана білген ол Ақтау қаласына арнайы шақырту алады. Осылайша, 2010 жылы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика жә­не арнайы есепке алу жөніндегі ко­ми­тетінің Маңғыстау облысы бойынша бас­қармасының арнайы есепке алу бөлімінде бас маман болып қызметке қабылданады. 2012 жылдың сәуірінен бастап, осы бөлім­нің аға прокуроры қызметіне тағайын­да­лады. Оның заң саласындағы қызметіндегі кә­сіби біліктілігі жоғары бағаланып, ҚР-ның Бас прокуратурасы Құқықтық статис­тика жә­не арнайы есепке алу жөніндегі ко­ми­те­тінің төрағасы С.Айтбаеваның ар­найы ал­ғысхатымен марапатталған. 
– Қазіргі таңда қарамағымда 3 маман жұ­мыс істейді. Облыстағы мемлекеттік ор­гандарға жүргізілетін жоспарлы немесе жос­парсыз тексерулердің дұрыс жүргізілуі біз арқылы тіркеліп, есепке алынады. Біз осы жұмыстардың заңдылығының дұрыс орын­далуын қадағалаймыз. Мүмкіндігінше, өзімнің мамандығыма қатысты өткізілетін бі­лік­тілік арттыру курстарына белсенді түр­де қатысып, білімімді шыңдап отыра­мын. Үнемі ізденіс үстінде жүрген маман ға­на биік белестерді бағындыра алады деп есеп­теймін. Сондықтан да өзіме қатаң та­лап қойып, оқып, ізденуден жалықпаймын, – дейді Ә.Қасымов. 
Кейіпкеріміз бос уақытында спортпен ай­налысып, футбол ойнап, көркем әдеби шығармаларды оқығанды ұнатады. Одан бөлек қаладағы спорт мектептеріне барып, болашақ чемпиондарға спортқа қатысты ке­лелі кеңестерін айтып, тәжірибесімен бө­ліседі. 
– Мен спортпен айналысып, талай жетіс­тік­терге қол жеткізсем де, бапкерлікке толықтай бет бұра алмадым. Құқық қорғау сал­асында еңбек етіп, осы саланың дамуы­на үлес қосқанды жөн санадым. Енді қазір­гі еңбек етіп жүрген қызметімді жетілдіру үшін талаптанатын боламын. Әкеміз бала­ларын: «Өтірік айтпаңдар, әділ болыңдар, алға қойған мақсаттарыңа жету үшін еңбек етіңдер. Мамандықтарыңа адал болыңдар» деп тәрбиеледі. Әкеміздің осы өсиеті әр­дайым жадымда. Сондықтан адам қай са­лада еңбек етсе де, сол саланың алға басуы үшін талаптануы керек, – дейді  Ә.Қасымов. 
Бүгінде Әнуар – бір әулеттің отағасы. 2012 жылы өмірлік серігі Мәдинамен ша­ңы­рақ көтерді. Отбасында асыл жар, қыз­меттестері арасында беделді, ініге қамқор, аға­ға ізетті ұл ұяда көрген өнегесімен өз­ге­лерге үлгі болуда. Әріптестері де оны сөз­ден гөрі істің адамы ретінде бағалайды. Адами қасиетінен, жігіттік намысынан ай­­нымайтын Әнуар қандай жағдайда да өз­­гелерге өнеге болар адамгершілікті жо­ғары ұс­тайды. 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар