Ресей билігі болашақта Түркі халықтарының қолына өтеді

/uploads/thumbnail/20170708195605380_small.jpg

Жақында  ресей белсенділері  Қазақстанның солтүстік өңірлерін Ресей құрамына беруді талап еткендігі туралы ақпарат тараған болатын (http://ult.kz/). Онда орыс ұлтшылдарының Қазақстанның кейбір облыстары тарихи Ресей империясының меншігіне тиесілі болғандығын алға тарта отырып, Украина сценарийі бойынша СҚО-да референдум өткізу керек деген сыңаржақ пікір білдірген. Қолапай ұсыныс авторлары «Қазақстанның демографиялық және әскери әлеуеті РФ немесе ҚХР-мен салыстыруға да келмейді» деп топшылаған.

Анау айтып отырғандай Ресей ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап отырған әлем қандай? Ресей сол бұрынғы Ресей ме? 21 мемлекеттен құралатын Ресей Федерациясының түркі халықтарынсыз халы қандай болмақ? «Қамшы» порталы сараптап көрген еді.

Қазіргі Ресейдің хәлі мүшкіл

Расымен де, Ресей Федерациясы дүниежүзінде қару-жарақ және ядролық держава саналғанымен, сол алып державаның ғылыми, техникалық және адам тұрғысынан алғандағы әлеуеті тым әлсіз және  ішкі қайшылықтары мен этникалық жанжалдар үдей түскен. Ресей Федерациясы көп этносты мемлекет саналатыны тағы бар. Жалпы Ресей халқының 28,6 пайызын алып жатқан түркі халықтарының саны 16,9 пайызға жеткен. Қазба байлықтары мол һәм Ресейдің 1/3 бөлігін алып жатқан бір ғана Сібірдің өзінде мемлекет халқының бес-ақ пайызы тұрады.

Ресей өз ішінен ыдырауы мүмкін бе?

Жақында бұқаралық ақпарат құралдарында (http://www.qazaquni.kz/?p=40436) «2015 жыл: Ресей 8 мемлекетке бөлінуі мүмкін» атты мақала жарық көрген.

Сарапшылар: «Ресейдің ыдырауына негізінен үш мәселе себеп болуы мүмкін. Оның екеуі табиғи үрдіс арқылы келсе, бірі сыртқы күштердің ықпалымен жүзеге асады»,- дейді. Бірінші табиғи себеп: соңғы онжылдықта Ханты-Манси, Ямал-Ненец, Таймыр сияқты автономиялық округтерінде, Саха секілді бірнеше ұлттық республикаларда туу көрсеткіші өте жоғары, өлім-жітім аз. Ал, негізінен орыс ұлтының өкілдері шоғырланған елді-мекендер мен жалпы орталық Ресейде туу көрсеткіші төмен. Бұл Ресейдегі аз ұлттардың көбеюіне, орыстардың санының кемуіне ықпал етеді.

Екінші себеп, Ресей федерациясында мұсылмандар санының күрт өсіп бара жатуы. Бұл түркі халықтарының тәуелсіздікке жетуіне мол мүмкіндік туғызады. Қазір ресми дерек бойынша Ресей халқының 15 пайызы мұсылмандар. Алдағы 20 жылда олардың елдегі үлес салмағы 25-30 пайызды құрауы мүмкін.

Үшінші себеп, сыртқы күштердің ықпалы екенін айтқан болатынбыз. Мәселен, біраз уақыт бұрын АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының сарапшылары 2015 жылға қарай Ресей 6 немесе 8 мемлекетке ыдырап кететінін айтқан еді.

Түркі тілдес елдер Ресейге қарсы күш біріктере ме?

Қазір Ресей Федерациясында 21 республика бар. Бұл республикалар ұлттық-мемлекеттік құрылым болып табылады, яғни Ресей құрамында болғанымен өз алдына халықтық мемлекет.

Ал ескі одақтан бөлініп шыққан түркі тілдес мемлекеттер мен Ресей құрамындағы түркі халықтарының басын біріктірсе – халық саны Ресейден де асып кететіні сөзсіз.

Қазіргі күнде  түркі әлемінде  200 миллионға жуық адам өмір сүріп жатыр. Кеңестік езгіде болмаған Түркияны есептемегенде халқының саны жағынан алғашқы ондықта 35 млн әзірбайжан, 30 млн өзбек, 12 млн қазақ, 9 млн ұйғыр, 8 млн түркімен, 7 млн татар, 4,5 млн қырғыз, 2,2 млн башқұрт, 1,7 млн шуваштар,1,5 млн қашқайлар, 0,5 млн қырым татарлары, 0,6 млн қарақалпақтар, 0,5 млн сахалар, 0,4 млн құмықтар, 0,4 млн балқарлар,  0,2 млн ғағауыздар, құрайды. Сондай-ақ,  Саны ең азы – 2 500 адамдық шұлым, 5 000 адам сөйлейтін долған және жұғыр,  7 000 адамнан тұратын айну, қарайым мен тофа  халқы тағы бар.

Енді есептеп көрейікші, Түриядағы 80 млн түрік бауырларды есептемегеннің өзінде, бұрынғы және қазіргі Ресей құрамында болған мемлекеттердегі халық саны 120 млн-ға жетіп жығылады. Ал, жалпы Ресейдің халық саны 140 млннан асатынын ескерсек, түркі халықтарынсыз Ресейдің күні қараң деп топшылауымызға әбден болады.

Жоғарыдағы деректерді сараптайтын болсақ, халық саны 100 млн-ға жетпейтін (түркі халықтарын қоспағанда) Ресейдің билігі болашақта халқы 120 млннан асып-жығылатын Түркітілдес мемлекеттердің қолына өтетіні сөзсіз деп топшылауымызға әбден болады. Қарсыласымыз кім? Жоғарыда айтып өткендей, әлеуеті әлсіреген, халқының 70 пайызға жуығы ішкілікке салынған Ресей. Ресми деректерге сүйенсек, Ресейде жылына 1 млн адам ішімдіктен өлетіні белгілі болған.

Ердоған түркі армиясын құруды бірнеше мәрте ұсынған

Түкрия Республикасы бүкіл түркі мемлекеттерінің ортақ армиясын құру туралы бастаманы ұсынған болатын. Түркі мемлекеттерінің ортақ армиясы – бұл бір орталықтан басқарылатын әскери күш болары сөзсіз еді. Қазіргі таңда Түркі тілдес  мемлекеттердің біріне де территориалық немесе геосаяси қысымның жоқ екені рас. Алайда, белгілі бір деңгейде тәуекелдердің бар екені жалған емес. Осындай кезеңдерде түркі тілдес мемлекеттер әскер және саяси тұрғыдан бірігетін болса,  ортақ армия интеграцияға мүше елдердің әр қайсысының мүддесін қолдайтын еді. Түркі әлемінің ортақ армиясы жобасының аналогы ретінде НАТО-ны алып қарауға болады.
“НАТО-ға мүше елдердің сыртында бірқатар мемлекеттер бақылаушы-мүше ретінде альянсқа өткен. Бұл әлемдік саясатта өте маңызды. 

Нұргелді Әбдіғаниұлы

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар