Ресей қоршаудағы Мариупольді аштыққа ұшыратты – Украиналық депутат

    Талғар Дәлелғазы
    Ресей қоршаудағы Мариупольді аштыққа ұшыратты – Украиналық депутат Фото: Ашық дереккөз

    Украиналық депутат Дмитрий Гурин Ресейді қоршаудағы Мариуполь қаласын аштыққа ұшыратты деп айыптады.

    Ресей Мариупольдегі Украина күштеріне қаруларын тастауды талап еткен. Алайда Мариупольді қорғаушылар одан бас тартты. 

    Мариуполь – ресейлік әскерилер үшін негізгі стратегиялық нысан.

    Онда шамамен 300 мың адам қамауда қалып, керек-жарақ таусылып, көмектің кіруіне тосқауыл қойылған.

    Бірнеше апта бойы Ресей күштерінің бомбалауы салдарынан, қала электр қуаты мен сусыз қалды.

    Қатысты тегтер :

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025