Дала дәстүрін жаңғыртқан қала

/uploads/thumbnail/20170708200025243_small.jpg

Ару қала Астанаға қарап бой түзеп келе жатқан шаһардың бірі – Қызылорда қаласы. Ұлы өзеннің оң жағасында көркейген қала енді сол жағалау бойынша дамуда. Қайта жаңғырып, көптеп салынған көпқабатты үйлер көздің жауын алады. Бұл туралы Қамшы порталы Айқын-ақпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қаланың көркейту- көгалдандыру жұмыстары да істің бір жүйеге түскенін байқатады. Орталық көшелердегі гүлзарлар мен Сыр талының санын көбейту шаралары да қолға алынған.

 

Елбасымыз Н.Назарбаев­тың өңірге келген бір сапарында «Сыр – Алаштың анасы» деп аймақтағы тың бастамалар, іргелі істер мен жүйелі жұмыстарға оң баға берген еді. Облысқа, оның ішінде Қызылорда қаласының дамуын одан әрі өркендете беруіне ниет білдірді. Ел алдында Президент Қызылорданың бұ­рынғы жағдайы мен қазіргісін салыстырып, ел өмірінің өзгер­генін айрықша атаған еді. Осылай Сыр бойы халықтарының қажыр-қайраты мен ерен еңбегі, ел экономикасын дамытуға қосқан үлесі Елбасы тарапынан қолдау тапты. Мақсаты айқындалып, міндеттер межеленді. Ел мен Ел­басы болып егіз өрілетін еге­мендік шежіресінде Прези­денттің Сыр өңіріне қатысты ерекше қамқорлығы көрініс береді. Бүгінде қызылордалықтардың ел алдындағы еңбегі мақтанышқа айналған. Қаланың көркін сәу­лет­тендіріп тұрған, бүгінде бой көтерген тарихи-мәдени ескерт­кіштер мен қаладағы гүлзарлар мен саябақтар қаланың ажарына бұрынғыдан да ерекше сән беріп тұр. Дария бойын жағалай қо­ныстанған дүйім елдің қасиетті Сыр – Анаға ұлық құрметінің белгісі – «Сыр – Ана» кешені.
«Сыр елі – жырдың елі» десек, сөз маржанын терген Сыр сү­лейлері – ұлттық мәдени мұра­мыздың философиялық феноме­ні Балқы Базар, Тұрмағанбет, Нұртуған мен Нартай сынды өнер тарландары атанған бабала­ры­мызға арнап «Сыр сүлейлері» аллеясы салынды. «Сыр елі» – бе­реке-бірлігі бұзылмаған жұрттың ордасы. Алаштың Ақмешіті Сыр­дың бас қаласының алдында атқарылар биік міндеттер тұр. 


Елбасымыз Н.Назарбаев айтқандай: «Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік бо­лашағын баянды етуге арналды. Ендігі қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел қазақтың  Мәңгілік ел болуын жүзеге асыру жолында аянбай еңбек ету – әрбір қызылордалықтардың міндеті. Қиын кезеңде елорда болған қаламыз бүгінде алып шаһардың біріне айналды. Кейінгі ұрпақ «Менің Отаным – Қазақстан», «Қызылорда – менің қалам, менің өсіп-өнген жерім» деп сүйсіне алады. 
Екі ғасырға жуық тарихы бар Қызылорда қаласы бүгінгі күні халықтың айнымас бірлігінің, тынымды тірлігінің арқасында экономикасы қарыштап дамыған, әлеуеті артқан қалалардың біріне айналып, бүгінгі заманға сай келбетке ие болуда.
Алғаш рет Қызылорда да бюджет 37 млрд теңгеге жетті. Қала тіршілігін жақсартудың ең басты тетігі – халықты баспанамен қамту. Аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлының тікелей қолдауы­мен жыл соңына дейін 2 мың 406 отба­сы баспанамен қамтылады. Қала­мызда былтырғы жылмен салыс­тырғанда тұрғын үй құрылысы 8 есеге артты. 2011 – 2014 жылдар аралығында, 85 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынса, бұл көрсеткіш биылдың өзінде 188 мың шаршы метрді құрады. Қалада, әлеуметік нысандар құрылысы да қарқынды жүргі­зілуде. Биылғы жаңа оқу жылын­да 900 орындық екі мектеп пайдалануға беріліп, Елбасы Н.Назар­­баевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қалада 280 орындық жаңа бала­бақша, 300 орындық мектеп және құны 6 млрд теңге болатын 200 орындық облыстық балалар ау­руханасының құрылысы жүргізілуде.
Қаланың инженерлік ком­муникациялық инфрақұрылы­мын дамытуға 9 млрд теңге бө­лініп, нақты жобалар жүзеге асуда. Қала халқын сапалы ауыз­сумен қамтамасыз етуде 22 ша­қырым ауызсу жүйелері қайта жаңғыртылып, 57 дана кешенді су ұңғымалары бұрғылануда.Нәтижесінде, жыл аяғына дейін қала халқы толық таза сумен қамтылады.
Жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға соңғы 3 жылда 12 млрд теңге қаржы бөлініп, 300 шақы­рымға жуық көше орташа және күрделі жөндеуден өтті.
Қалаға қарасты елді мекен­дерді газдандыру мақсатында Қызыл­жарма ауылдық округі мен Тас­бөгет кентін жабдықтауға рес­публикалық бюджеттен 806 млн теңге бөлініп газ құбырларын тарту жұмыстары толық аяқталды.
Қызылорда қаласы келешекте Сырдария өзенінің сол жағала­уында дамитын болады. Бүгінде бұл жұмыстар басталып кетті. Қазіргі таңда Мұратбаев көше­сінен Сырдария өзенінің екі жағалауын байланыстыратын құны 6 млрд теңгеге автомабиль көпірінің құрылысы жүргізілуде.
Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлының тікелей қолдауы­-мен «Азия даму банкі» арқылы сол жағалаудың инженерлік ком­муникациялық инфра­құры­лымын жүргізуге 174 млрд теңге қаржы тарту жоспарлануда. Бо­лашақта сол жағалауда 90 мың халық тұратын жаңа қала бой көтереді.
Береке-бірлігі бұзылмаған Ұлы достықтың ордасы, Алаштың Ақмешіті атанған – Қызылорда қаласы күнін атап өтудегі басты мақсат – жыл көлемінде өңі­ріміздің дамуына сүбелі үлес қосып, аянбай еңбек етіп жүрген шаруалардың, еңбек адамының келбетін, жарқын бейнесін паш ету. 
Қала күнін атап өту «Шұбат-Қымыз» фестивалінен бастау алып, шаһар көлемінде түрлі бағыттағы мәдени-көпшілік шараларға ұласты. Ұлы дала елінің бренді болған «Шұбат-Қымыз» қала тұрғындарына тегін ұсынылып, «Ақ мол болсын!» деген қазақы салтымыз ұлық­талды. Мерекеге тарту ретінде облыс аудандарының жәрмең­келері мен қаланың әр мөлтек аудандарында концерттік бағ­дарламалар ұсынылды. Бүгінгі ойыншықтар шеруі мен «қауын-қарбыз» фестивалі де көпшілік көңілінен шыға білді.
Қызылорда қаласының күні бұрынғыдан да мазмұны бөлек болды. Тарихы мен сәулетті ес­керткіштерімен ерекше Қызы­лорда күні Қазақ ханды­ғының 550 жылдығымен қатар келді.
Мерекенің басты концеп­сиясы мәдени-рухани құнды­лықтарды ардақтауға, қаланың әлеуметтік-мәдени дамуындағы әрбір тұрғынның қалаға деген қамқорлығы мен сүйіспеншілігін арттыруға, Қызылорда қаласын үздік қалалар қатарына қосылуға бағытталды.
– Қазақтың ұлттық сусыны – шұбат пен қымыз. Төрт түліктің бірі Қамбар ата сусыны сан түрлі сырқатқа ем. Қала тұрғындары мен қонақтарға салауатты өмір салтын ұстануды үлгі етіп, зиян­ды әре­кеттерден аулақ болу мақса­тында қала күні мерекесін атап өткен орынды. Сондықтан мере­ке мере­кеге ұлассын, – деген облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жер­гі­лікті кәсіпкерлерге егін шаруа­шылығын жандандыруға кеңес берді.
Фестивальға жеті аудан мен қаладан 2000 литр шұбат, 1500 литр қымыз, сүт өнімдері құрт, ірімшік, сүзбе, сүт, айран әкелінді. Аймақта кәсібін дөңгелетіп жатқандар көп. Солардың бірі – «Шайұзақ» шаруа қожалығы. Бұл қожалықтың меншігінде 206 бас түйе бар. Оның 116-сы асылтұ­қымды. 2013 жылы «Сыбаға» бағ­дар­ламасы арқылы өрісін ке­ңейтіп, өнім түрін толықтырды. Бүгінде жаз мерзімінде 100 литр шұбат өндірсе, қазіргі маусымда 60 литр шұбат ашытып, халыққа жеткізуде. Фестивальға 100 литр айран және түрлі ұлттық тағамдар әкеп халыққа тегін таратты. 100 бас жылқысы бар. 
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Ырыс – ынтымаққа жолығады, дәулет-бірлікпен толығады» дей келе, қаймағы бұ­зыл­маған Қазақ елінің қарыштап дамуы – елдің тыныштығында, дәулеті мен ынтымағында деп атап көрсеткен болатын. Демек, «Алаш­тың анасы» атанып, Елба­сы айтқандай, Ұлы дала елінің дәстүрін дәріптеген Сыр қала­сының тойы жиналған жұртты таңғалдырғандай дәрежеде, тамаша өтті. 

"Қамшы "сілтейді

Қатысты Мақалалар