Моноқалаларды дамыту туралы мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырған уақыттан бері, Атырау облысының Құлсары қаласында жалпы құны 656 млн теңге тұратын 8 жоба, құны 18 млн тұратын 6 грант қаржыландырылған. Бұл туралы Қамшы порталы Айқынға сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Жалпы, Құлсары қаласында «Зәкірлі» инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін 3 жоба енгізілген. Бірінші, «Каспий Сервис-Е» серіктестігінің жылына 84 мың тонна әк (известь) шығару зауыты. Бүгінде зауыттың кірме пункті мен шарбағы салынды, әкімшілік ғимараты тұрғызылып, әк шығаратын құрал-жабдықтары әкелінді. Екінші, «Эко-Техникс» ЖШС-ның 12000 текше метр мұнайшламды қайта өңдеу бойынша өндірісті жаңғырту жобасы. Кәсіпорынның 2014 жылға жоспарлы қуаты – 3000.0 мЗ. Үшінші, «Металл Продукт» ЖШС-ның жылына 30,0 мың тонна металл жаймаларын шығаратын (арматура, бұрыштама, швеллер) комбинаты. Комбинаттың жоспарлы қуаты – 600 тонна.
«МеталлПродукт» ЖШС. «РВ-32» маркалы арматура, швеллер (Р100-140), бұрыштама (Р45-75), т.б. металл бұйымдары дайындалатын комбинатта жылына 30,0 мың тонна көлемінде өнім өндіріледі. Жобаны қаржыландыру мақсатында «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 365,0 млн. теңге қаржы қаралған. Кәсіпорында 130 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Былтыр осында жоспарланған 600-дің орнына 2500 тонна металл жаймалары, құрылыс саласы аса ауқымды сұраныс тудырып отырған арматураның түрлі қалыңдықтағы түрлерін шығарады. Өндірілген өнімнің қоймада тау болып үйіліп жатқан кезі жоқ. Аларман мен арадағы келісімнің, одан қалса сұраныстың аса ауқымдылығына байланысты өтімділігі тез. Ішкі нарықтағы сұранысты толық қанағаттандырылып жатса, ЕЭО, қала берсе алыс-жақын шетелдерге шығу да ойда бар. Мұнда өндірістегі қолданыстан шыққан металл қалдықтары балқытылып, жаңа тауарға айналдырылады. Құлсары қаласы әкімінің орынбасары Еркебұлан Аққұсов қала
бойынша үш якорлық жоба жұмыс жасап тұрғанын, соның бірі осы «Металлпродукт» компаниясы. Бұл компанияның халыққа пайдасы ашылғалы бері 130 адам жұмыспен қамтып, Құлсары қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосып отыр.
– Металлургиялық зауытқа шикізат жеткілікті. Ал атқарушы билік аймақтағы ірі кәсіпорындармен ұзақмерзімді келісімшартқа отыруға мұрындық болған. Қазір тауардың басым бөлігін біріккен кәсіп-орындар мен жергілікті тұтынушылар сатып алады, – дейді Еркебұлан Аққұсов. Ал аталмыш зауыт директоры Бауыржан Сұлтанов зауыттың ерекшелігі сырттан тасымалдау емес, іштегі нарықты өзіміздің өнімімізбен, отандық өнімді өзгелерге алдыруда деген ойға басымдық береді.
– Біздің зауыттың ерекшелігі, біз шикізат ретінде қарапайым металл қалдықтарын пайдаланамыз. Осы уақытқа дейін облыстың барлық металл қалдықтары Ресей, Қытай, Еуропаға жіберіліп, одан кейін біз 5-6 есе қымбат бағаға олардан жасалған өнімдерді сатып алып жүрдік. Көптеген қаржы негізгі көз ол өзіміздің жеке қаржымыз, ал оның тағы бір бөлігін лизингпен алдық. Ал құрал-жабдық шетелден, яғни Үндістаннан алынған. Әзірге құрылыс секторының қомақты бөлігін құрылысқа қажетті металл өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған бірегей зауытқа жалпы құны 1 млрд 300 млн теңге инвестиция салынған. Әзірге 5 түрлі металл өнімдері өндіріліп жатыр. Бастысы өндірілген өнім жоғары сұранысқа ие әрі жергілікті халықтың әл-ахуалын көтеруге де айрықша әсер етіп отыр, – дейді Бауыржан Сұлтанов.
Өндірістегі көлемі шектеулі металды әлемдік тұтынудың күрт өсуі тапшылыққа және күрт қымбаттауына алып келді. Арзан металл сынықтарының жеңіл алынатын қоры, негізінен, таусылды. Осыған байланысты металл, жоңқа сияқты қалдық түрлері экономикалық тартымдылыққа ие бола бастады. Әрине, жоңқаны қайта өңдеу мәселесі кеше де қолданыста болған, бірақ онда қажетсіз қалдықты пайдалану емес, одан құтылуды көздейтін. Мұның себебі бастапқы металл бағасының барынша төмен болуы, балқыту орындарына тасымалдау шығындарының жоғары болуы, сапасының төмендігі мен жоңқалардың ластығы, сондай-ақ балқыту кезіндегі жағымсыз иіс.
– Соңғы жылдары әлемде металды пайдаланудың тұрақты өсу үрдісі сақталуда. Бұл жағдай, әрине, шикізат бағасының өсуінен байқала бастады. Сондықтан металды қайта өңдеуге инвестициялар салу өзекті болуда. Алайда проблемалар да бар. Бірінші кезекте, мерзімі өткен металы көп бұйымдар мен конструкцияларға деген сұраныстың өсуі. Осыған байланысты шикізат базасын толықтыру объектісі ретінде өңделген металл қалдықтары – металл жоңқаларға басымдық беріле бастады. Өнеркәсіптік металл алу үшін жоңқаны шикізат ретінде пайдалану көп жылдар бойы экономикалық жағынан орынсыз болып келді. Оның бірнеше себептері бар. Біріншіден, металға қажеттілік, нәтижесінде шикізаттың бағасы тым төмен болды. Екіншіден, металл жоңқаларының ластығымен сипатталады. Салдарынан, қайта өңдеу шығындары балқытылған металдан алынған өнімді сатумен өзін ақтай алады. Алайда бүгінде жағдай түбірінен өзгерген. Жаңа кәсіпорынның қуаты жылына металл сынықтарын 30 мың тонна өңдеуге мүмкіндік береді. Зауыттың жаңалығы – металл қалдықтарын қайта өңдеп, оны кәдеге асыруда. Іс жүзінде барлық отандық металдар және олардан жасалған бұйымдар экспортталады өндірілетін және өндірістік шетелде жоғары айырбастау болып табылады, – дейді Бауыржан Сұлтанов.