Сонымен, мәжіліс тарай ма, тарамай ма?

/uploads/thumbnail/20170708200200793_small.jpg

Конституцияға сәйкес  біз 2016 жылы парламент сайлауын өткізу керекпіз. Бірақ жаңа жылдың енуіне екі-ақ ай қалса да, ел арасында мәжіліс тарайды деген сыбыс шыға бастады. Әлеуметтік желі пайдаланушылар арасында мәжілістің тарауына қатысты қызу талқылау мен ащы мысқылдар да пайда болды. Парламент сайлауының кезектен тыс өтетіндігіне халық оңай сене салды. Себебі, біздің елде кезектен тыс сайлау өткізу салтқа айналып кеткен. Екіншіден, «Ауыл», «Патриоттар» партиясының төрағалары өзгеріп, Мэлс Елеусізов «Жасылдар» партиясын құруға әрекет етіп жатыр. Демек, бұл оқиғалардың барлығы сайлау алды саяси науқанға әбден –ақ ұқсап кетті. Парламент сайлауына қатысты сауал КТК-да қызмет ететін әріптестерімізді де мазаласа керек, олар депутаттарға микрафон ұсынғанды құп көріпті. Алайда қалаулылардың жауабына жаға ұстауға болады. Мәселен,  мәжіліс депутаты  Тұрсынбек Өмірзақов былай дейді: «Неше түрлі сөздер бар,әйелдер күллісін(барлығын деген мағынада айтып отырса керек. АТ ) айтып жүр. Солай ойлаймын. Әйелдер айтса,  мүмкін солай болатын шығар? Болса болды, қоймаса қойды»

Анығында бұл парламент депутаты  айтатын жауап емес болған. Себебі заңды талқылап, мақұлдап отыратын орындағылар әйел мен ерді бөліп сөйлеуге болмайтынын қаперінде жақсылып ұстауға тиіс еді. Егер халықтың қалаулылары өз араларынан шыққан әңгімені осылайша жынысқа бөліп отыратын болса, еліміздің басқа қызмет  саласындағы жағдай қалай өрбіп жатыр? Халық үшін маңызды сауалға қалжыңмен жауап беру қаншалықты орынды? Ол рас, біздің тілдік қолданысымызда «қатынөсек» деген тіркес қалыптасқан. Ұлттық танымымызда да желдей ескен әңгімені жақтырмағанда әлгіндегі тіркеске теле салатынымыз бар. Алайда, бұл пікір саясатта жүрген ханымдарға ауыр тиетіні сөзссіз. Сонымен, мәжілістің тарауы туралы дақпыртты қалыпты тілдегі стильмен жеткізсек-қатынөсек. Тамаша тәсіл. Саясат сахнасынан халыққа қандай да бір самал соқса, шөптің басы тербелсе, ендігі кезекте сондағы ханымдардан көріп қана отыра береміз бе? Демек, нәзік жандылар саясатта да «нәзік мінезін» ұстанудан танбайды деген тұжырым жасауға тура келеді. Ал, біз жиі айта беретін гендрлік саясат қайда кетті? Гендерлiк саясаттың негiзгi қағидаттары Қазақстан Республикасының  конституциясымен  кепiлдiк берiлген әйелдер мен ерлердiң тең құқығы мен еркiндiгiн белгiлейді емес пе? Ал, саясат отбасы-ошақ қасы емес. Онда  әйелдерді төмендете сөйлеу, ер адамнан кем немесе тең деп пікір білдіру сәл қиындау шаруа. Әсіресе мәжілістен жақында ғана кеткен Дариға Назарбаеваға бұл пікір тіптен ұнамаған болар еді. Сіз қалай ойлайсыз, егер  ол жерде Дариға Назарбаева әлі де отырған болса, мәжілістің тарауы, немесе тарамауы туралы дақпыртты  осылайша жаны нәзік саясаткер ханымдарға сілтей салатын ба еді? Әлде сәл де болса, бұл пікірді айтуға именетін бе еді?

Айнұр Төлеу

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар