Бүгін 2000 жылдық тарихы бар Тараз қаласына «Қазақ хандығының 550 жылдық» мерейтойы басталды. Тойға еліміздің іші- сыртынан 5 мыңнан астам арнайы қонақ келген. Келген меймандармен бірге Қазақ елінің бүкіл зиялы қауым өкілдері алдымен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монументтің салтанатты ашылуының куәсі болды. 8-9- қазан екі күнге жалғасатын ұлы тойда өтетін іс- шаралар тізбегі келесідей:
- Баласағұн орталық концерт залында "Мәңгілік ел" халықаралық ақындар айтысы өтеді. Оған елімізден және Қытай, Монғолия елдерінде тұратын қандастарымыздан құралған 26 ақын қатысады.
- "Көне Тараз" архелогиялық паркі мен музейінің ашылу салтанаты өтеді
- Жамбыл облыстық қазақ драма театрында хандықтың 550 жылдығына арнайы дайындаған «Қазақтар» атты тарихи-драмасының тұсаукесер қойылымы көрсетіледі.
- 9-қазан күнгі мерекелік іс-шаралар легі Орталық стадиондағы "Қилы жол" атты драмалық қойылым және Гала-концертпен тиянақталады.
- Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы және Жамбыл облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен бәйге түрлерінен жарыс жүргізіледі. Яғни, елдіктің тойында "Ұлы дала ойындары" өтпек. «Атшабар» ипподромында Жамбыл облысында да, Қазақстанда да алғаш рет ат полосы бойынша клуб ашылады.
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монументті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты түрде ашты. Ал, "Көне Тараз" архелогиялық паркі мен музейінің ашылу салтанатына ҚР-ның Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов та қатысады деп күтілуде.
«Қамшы» сілтейді
Пікір қалдыру