Сириядағы операцияға Ресейдің әскери-теңіз флоты да қосылды

/uploads/thumbnail/20170708200156121_small.jpg

Ресейлік кемелер Сирия территориясына Каспийден бастап қанатты зымырандарымен шабуыл жасады. Бұл туралы «Қамшы» порталы euronews.com-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды. РФ Қарулы күштерінің бас штабында бұл соққылардың мақсатты объектілері «Исламдық мемлекет» пен «Джебхат ан-Нусра» террорлық топтары екені айтылған.

Сонымен қатар, Башар Асадқа хабарланған ақпарат бойынша, исламистерге бағытталған жаңа құрлықтық операция құрылды. Ол Хама және Идлиб провинцияларынан бастау алған көрінеді.

 «Ресей стратегиясын біз қате деп санаймыз. Олар ИМ-ге жатпайтын объектілерге шабуыл жасауын әлі күнге тоқтатар емес. Ресейліктер ағат пікірлері мен Сириядағы әскери оперцияларын тоқтатпайынша, біз олармен серіктестікке отырмаймыз», - деп мәлімдеме жасады Американың Қорғаныс министрі Эштон Картер.

Ал, РФ ҚМ-нің ресми өкілі Игорь Конашенков әріптесінің пікірін құрғақ әрі дәлелсіз деп санайтындығын айтты.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар