Алматыға "Массондар" ат байлады

/uploads/thumbnail/20170708200204621_small.jpg

Қазіргі таңда әлденені жасыру мүмкін бе? Әрине жоқ. Құпияңызды қорғау қиындыққа соғады. Себеп - заман ақпараттікі. Бірақ тығырықтан шығатын жалғыз жол бар. Ол - шындықтың һәм ақиқаттың маңайын аңызбен қоршау, не болмаса араластырып жіберу. Қалай болғанда да, бұл тәсіл әлі ешкімді жаңылыстырып көрген жоқ. Шыңғыс ханның жерленген жерінің табылмауы, Атлантиданың бар-жоғының белгісіздігі, Египет пирамидаларының құрылысы, тағысын-тағылар. Қаншама ғасырлар өтсе дағы, шындығының шымылдығы ашылмаған құпиялар бұлар. Бүгінгі әңгіме  ақиқаты аңызға, аңызы ақиқатқа айналған Массондар хақында болмақ.

            Сонымен, сіз массондар бар дегенге сенесіз бе? Мен. Менің күмәнім  бар. Бірақ ысырып тастауға болмайтын фактілерге де кезігіп жатамын. Онда тарқатып көрейік.

            Массондық — діни-этикалық ілім, әрі құпия ұйым. Оның негізгі идеясы — жер-жаһанда Құдай патшалығын орнату. Ғаламтордағы  ақпарттармен таныса отырып түйгеніміз,  олар өз дегеніне жетіп үлгерген сияқты.

            Зерттеушілер массондарды шамамен орта ғасырларда пайда болды деген тұжырымға жүгінеді. Пайда болған эпицентірі, я болмаса массондықтың отаны- Англия деп есептелінеді екен. Олар шамамен ХІІ ғасырда пайда болып, ХV ғасырда шарықтап дами түскен.  Кездесетін жерлерін "Ложа" деп атайды. Бүгінгі таңда бұл ложалар әлемнің барлық дерлік елдерінде орналасқан. Бейресми дерекке сүйенсек, әрине! Құдіретті, әрі басты "Ложа" Ұлыбританияда деп есептелінеді.

            Тағы бір дүние. Массондар  құрамына тек қана белгілі саясаткерлер мен тұлғалар, өнер майталмандары кіре алатын болған. Олардың қатарында: композиторлардан Вольфганг Амадей Моцарт, Ференц Лист, Йозеф Гайдн, Людвиг ван Бетховен, Никколо Паганини, Яков Сибелиус, жазушылардан Рабиндранат Тагор, Вальтер Скотт, Оскар Уайльд, Марк Твен, ақындардан Иоганн Вольфганг Гете,  Александр Поп, Роберт Бернс, Редьярд Киплинг бар. 14 американдық президент массон болған деген де дерек бар.

            Бұл қатарда орыстардың да тұлғалары бар. Олар Пушкин, Суворов мырзалар. Массондармен идеялас болған тағы бір тұлғасы - Лев Толстой. Массон тақырыбын зерттеушілер Ресей империясының ыдырауын да массондармен байланыстырады. 1991 жылы ресейде бірден 4 "Ложа" ашылған дейді. Әрине, бұл аңыз емес, ақиқат болса.

            Аталған ұйымның қатарына енген алғашқы қазақтың да есімі белгілі болып отыр. Ол- Әлихан Бөкейханов. Белгілі ғалым Дихан Қамзабекұлы өзінің сұхбаттарының бірінде Бөкейханов хақында: "Жасыратыны жоқ, ол массон ложасына кірген. Сұлтанхан Аққұлұлы зерттеу еңбегінде бұл мәселе жан-жақты айтылады. Біз не дейміз? Қиын замандағы күрделі мәселелерге байланысты түрлі пікірлер мен қайшылықты ойлар бар. Менің ойымша, ол сол кездегі саны 6 миллионға жеткен қазақ халқын жойылып кету мен жұтылып кетуден сақтау үшін Әлекең массон ложасының әлемдік саясаттағы беделіне сүйенгісі келді, қазаққа теңдік әперуді көздеді. Әлиханның әрбір әрекеті мен мақаласы - осы сөзіме дәлел",- деген болатын. Бұл берілген ақпараттардың қаншалықты салмағы бар екенін кесіп айту қиын.

            Осыдан біршама уақыт бұрын Қазнетті у-шу етіп дүрліктірген "Астана - столица Сатаны" деген бейнероликті көріп едік. Шыныменен келтірілген деректерінен зәре-құтың қашады. Сөйте тұра күмән келтіретін қарама-қайшылыққа кез боламыз. Ол таяуда Алматыда ашылған Массондардың "Лажасы". Бұл "Лажа" ресми түрде ашылып, оған Бөкейханов есімі беріліпті-міс. Қазақстандағы алғаш дейді ұйымдастырушылар. Астана қайда қалды сонда? Тағы да түсініксіз бір жайт. Әлихан бабамыз әлімсақтан мұсылман болғаны белгілі емес пе? Олай болса, жерде құдаймыз дегендермен не шатысы бар оның?

            Бірақ... БҰҰ-ның мерейтойлы жиынында Елбасымыз БҰҰ-ның штаб-пәтерін Астанаға көшіру туралы ұсыныс тастағаны белгілі. Егер ұсыныс қабылданатын болса, басқасын қайдам, өз басым массондықтардың барлығына кәміл сенетін боламын.

 

Арқалық Сағи

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар