Отбасы банк "Отау" және "Наурыз" бағдарламаларына қатысуға қосымша қабылдау 16 қыркүйекте басталып, 25 қыркүйекті қоса алғанға дейін жалғасатынын хабарлады.
Қатысуға өтінімді Баспана маркет порталында (otbasybank.kz) беруге болады.
Сондай-ақ енді "Отау" және "Наурыз" бағдарламаларының шарттары біршама жеңілдеп, бірізге түсірілді.
Енді Отау бағдарламасына қатысушылар үшін:
- салымды жинақтау мерзіміне шарттар қойылмайды, депозитті қатысуға өтінім бергенге дейін ашуға болады;
- несиенің максималды сомасы ұлғайтылды – Астана, Алматы қалаларында 36 млн теңге және басқа өңірлерде 30 млн теңге;
- Алматы және Астана қалаларында тұрғын үй сатып алу орны бойынша тіркелу талабы жойылды;
- халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы тұрғын үйге мұқтаж жан ретінде есепте тұрған адамдар үшін сыйақы мөлшерлемесі 7%-ға (ЖТСМ 7,3%-дан 8,9% дейін) дейін төмендетілді;
- Наурыз бағдарламасы негізінде екі бағдарлама бойынша ұпай есебі бірдей жүргізіледі.
Пікір қалдыру