Қазгидромет демалыс күндері елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, оңтүстік өңірлерде найзағай ойнайтынын хабарлады.
Синоптиктердің болжамынша, 7 қыркүйекте республиканың солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, республиканың шығысында және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында жаңбыр тіпті қар түсуі мүмкін.
Тек елдің батысында, солтүстік-батыс антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі.
""Қазақстан бойынша желдің күшеюі болжанады. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік, шығыс, орталық аймақтарда тұман күтіледі. 7 қыркүйекте солтүстікте, шығыста және орталықта, 8 қыркүйекте Қостанай облысында, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында топырақ бетінде 3 градусқа дейін үсік болады" делінген синоптиктер хабарламасында.
Пікір қалдыру