Қазақстанның мүмкіндігі зор

/uploads/thumbnail/20170708201217913_small.jpg

Дмитрий КОТЛЯР, Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымының жемқорлықпен күрес жөнінде Қазақстандағы Ыстамбұл қызмет жоспарын орындау бойынша бақылау тобының басшысы, сарапшы:
– Жемқорлықпен күрес жөнінде Ыстамбұл қызмет жоспары туралы, Қа­зақстанның бұл жүйеге қатысы және сіздердің жұмыс тобының бақылау нә­тижесі туралы айтып өтсеңіз...
– Жемқорлықпен күрес бойынша Ыстамбұл қызмет жоспары 2003 жылы мақұлданды. Шығыс Еуропа және Орта­лық Азия елдері үшін жемқорлықпен кү­рес бойынша экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы жүйесінің негізгі аймақтық бастамасы. Бұл жүйе ЭДЫҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қа­тысты сұрақтармен айналысатын жұ­-мыс тобына мүше емес мемлекеттерге арналған бағдарлама. Жемқорлықпен күрес бойынша Ыстамбұл қызмет жос­пары Армения, Әзірбайжан, Грузия, Қа­зақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжік­стан, Украина және Өзбекстанды қамтиды. Дегенмен бұл қызмет жоспарын жүзеге асыруға өзге 25 мемлекет қа­ты­сады. Ыстамбұл қызмет жоспары осы мем­лекеттердегі жемқорлықпен күрес саласындағы заңнамалар мен инсти­тут­тарға жүйелі түрде мерзім сайын шолу жасайды. 
Қазақстан бұл жүйеге 2004 жылы қо­сылды. 2005 жылы мемлекеттегі жем­қорлыққа қарсы күрес барысына ал­ғашқы шолу жасалды. Алғашқы ұсы­ныстар­ды орындау бойынша берілген баға жә­не Қазақстанның сол ұсы­ныс­тар­ға сәй­кестік рейтингі жөнінде мо­ни­то­ринг нәти­жесі бойынша алғашқы есеп 2007 жылдың қыркүйек айында қабыл­данды. 2011 жылы мониторингтің екінші ке­зеңі­нің нәтижесі, 2014 жылы үшінші кезең нәтижесінің есебі ма­құл­данды. 
Соңғы есепте Қазақстанда екінші ба­қылау кезеңіндегі ұсыныстарды орындау деңгейі былай көрініс тапты: алдыңғы 
17 ұсыныстың ішінен Қазақстан 13 ұсы­нысты жартылай орындап, қалған төр­теуін орындамаған. Толығымен орын­дал­ған ұсыныстар жоқ. Үшінші бақылау ке­зеңі нәтижесінде 3 жаңа ұсыныс қалыптасты, 16 ал­дың­ғы ұсыныстар өз күшінде қалды. Бұл көр­сеткіштің дең­гейін жоғары деп бағалау қиын. Де­сек те, Қазақстанның бұл көрсет­кіштің дең­гейін көтеруге толық мүм­кін­дігі бар. 
– Елімізде Ыстамбұл қызмет жос­парын жү­зеге асыру жұмыстары, жем­қорлыққа қарсы ұлт­тық реформалар жүргізіліп жатыр. Осы­ған байланыс­ты Қазақ­стан­да қандай да өзгеріс бай­қала ма?
– Өзгеріс байқалады, әрине. Бірақ жет­кіліксіз. Саяси еркіндік жемқор­лық­ты түбімен жою үшін нақты қызметтер атқару керек. Жемқорлық қоғамның түр­лі саласын жайлап үлгерді. Әсіресе, мемлекеттік институттардың түп-та­мырына еніп үлгерді. Десек те, кей сала­ларда даму бар. Мәселен, мемлекеттік са­тып алулар электронды тәсілмен жү­зеге асқанымен сатып алудың бірша­ма­-сы ашық түрде емес. Сондай-ақ саяси жүйеге өзгеріс енгізу қажет. Кез келген монополиялау жемқорлыққа мүмкіндік туғызады. Қазақстанның бүгінгі эконо­микалық беталысы белгілі. Сол үшін мем­лекеттің өз ресурстарын тиімсіз пайдала­нуы аса қауіпті. Бұл тұста жемқорлықпен күресу тек маңызды емес, мемлекеттің гүлденуі үшін аса қажет.
– Қазақстанның жарқын болашақ­-та ЭДЫҰ мен GRECO ұйымына кіру мүм­кіндігі бар ма? 
– Экономикалық даму және ынты­мақтастық ұйымы (ЭДЫҰ) – әлемнің 34 экономикалық дамыған мемлекеті кі­ретін халықаралық ұйым. ЭДЫҰ-ға мүше болу оңай шаруа емес. Қазақстанның мүмкіндігі зор, бірақ әлі біраз уақыт ке­рек. Дегенмен, бұл мәселе мемлекеттің ЭДЫҰ шеңберінде жүзеге асырылатын түрлі бастамаларына қатысуға кедергі келтірмейді. Мәселен, Ыстамбұл қызмет жоспары. ГРЕКО – халықаралық кон­вен­ция мен мемлекеттердің арнайы ке­лісімдері негізінде Еуропа кеңесі шең­берінде жасалған бақылау жүйесі. Яғни ұйым емес. Қазақстан осы жүйеге кіру мен Еуропа кеңесінің жемқорлыққа қар­сы конвенцияларына қосылудың соңғы кезеңінде. 
– Қазақстанның соңғы бақылау жүйесі бойынша есебі әртүрлі салалар бойынша ұсыныстарды қамтиды. Осы ұсыныстарды билік қаншалықты қа­перге алуда?
– Осы жылдың 5-7 қазанында Па­-риж қаласында өтетін ЭДЫҰ отыры­сында Қазақстан үшінші бақылау ке­зеңіне қатысты ұсыныстарды орындау бойынша аралық есебін ұсынады. Әкім­шілік пен жүйе сарапшылары сол есепке қысқаша бағалау жүргізеді. Нәтижесі сол жүйенің ресми сайтында жариялана­-
ды. Осы жылдың наурыз айында Қа­зақ­стан өз аралық есебін ұсынған болатын. Са­рап­шылар сол есептің нәтижесінде, тек 3 ұсы­ныс бойынша даму бар екенін анық­тады. 
– Бақылау тобы Қазақстандағы үшін­ші бақылау кезеңіне қатысты ұсы­ныстарды орындау жұмысына қашан бағалау жүргізеді?
– Егер қатысушы мемлекеттер осы жүйенің жұмысына қатысуды әрі қа­рай мақұлдаған және жаңа жұмыс бағ­дарламасына келісім берген жағдайда, Экономикалық даму және ынтымақ­тас­тық ұйымы жүйесінің аясында толық бақылау кезеңі 2016 жылы басталады. Сондай-ақ бағдарламаның жалғасуы қар­жылық көмек берумен байланысты. Егер төртінші бақылау кезеңі келесі жылы басталып кетсе, онда Қазақстанда жаңа бақылау кезеңі шамамен 2017 жылы өткізіледі. 
– «Ақпаратқа қолжетімділік ту­ра­лы» заң жобасына қатысты пікіріңіз қандай? Отандық сарапшылар ұсынған заң жоба­сының жаңа нұсқасын ал­дыңғы заң жобасымен салыстырып атап өтсеңіз...
– Бұл заң жобасы болашақта қабыл­данатын заңға жақсы негіз бола алады. Бірақ әлі де салмақты әрі сапалы түзе­ту­лерді қажет етеді. Осы жылдың маусым айында Құқықтық саяси зерттеу орта­лы­ғының өтінішімен жасаған тұжырым­дамада «ҚР «Ақпаратқа қолжетімділік ту­ралы» заң жобасының соңғы нұсқа­сын­дағы (28.04.2015) біршама маңызды тұстары алдыңғы заң жобасымен (26.04.2012) салыстырғанда кемшін жасалған» деген қорытынды шығарылды. Жобаның жаңа нұсқасы халықаралық стандартқа сәйкес келмейді. 
Төменгі мәселелерді негізгі ұсыныс ретінде қарастыру керек:
– ақпаратқа қолжетімділік жүйесі­-нің негізгі қағидасы – ақпараттың ашық­тығы ережесін қарастыру аса маңызды. Яғни заң жобасының мәні – ақпаратқа ашық қолжетімділік негізгі ереже ретінде қалыптасып, мәлімет алу мүмкіндігіне шектеу болмауында. Сондай-ақ ақпарат алу мүмкіндігін жеңілдету қағидасын қа­жет деңгейде қарастыру қажет; 
– «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» заңның құқықтық қарым-қатынасты реттеуде басымдығын арттыру қажет; 
– заң жобасының негізгі кемшілігі – қоғамның қызығушылығы мен зиянын тексеретін халықаралық стан­дартқа сәйкес ақпаратқа қолжетімді­лікті шектейтін шарттар жиынтығы, үш­құрамды сынақ ережесінің болмауы; 
– мәліметті алу барысындағы құ­қықтық жұмыстарды қадағалайтын сот­тан тыс мемлекеттік бақылау органы туралы ереженің болмауы – заң жоба­сының маңызды кемшілігі. Зерттеу ор­талығы операциялық және институттық тәуелсіз, жүктелген қызметті тиімді ат­қару үшін қаржылық, кадрлық және өзге де ресурстармен қажетінше қамтылған мекеме құру немесе анықтау мәселесін қарастыруды ұсынды. Мұндай мекемеге тексеру жүргізу, ақпарат алу бары­сын­дағы құқықбұзушылық шағымдарын қа­растыру, бұйрық шығару өкілеттігі бе­рілу керек. 
– Экономикалық даму және ынты­мақтастық ұйымына мүше мемлекеттер «Ашық үкімет» бастамасын қолдай ма?
– ЭДЫҰ-ға мүше елдердің ішінде «Ашық Үкімет» бастамасының негізін жасаған мемлекеттер бар және бұл маңызды бастаманы қолдайды. Қазақстан осы аса маңызды бастамаға қосылып, осыған байланысты ұлттық жоспар құ­рып, мемлекет жүйесіне енгізу керек. «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» заң жобасы мұндай ұлттық жоспардың ма­ңызды бөлігі болу керек. 
– Әңгімеңізге рақмет!

Дереккөз: Айқын-ақпарат

Қатысты Мақалалар