Қоғамдық бірлестіктер және сала көшбасшылары

/uploads/thumbnail/20170708201218741_small.jpg

Қоғамдық бірлестік және олардың көшбасшылары дегенде әдетте бірден ойға оралатыны ортақ мақсаттың болуы немесе бір көзқарасты жан­дардың бірігуі деген ұғымның аясында шектеліп жатамыз.
Деген­мен, атал­ған сала көптеген дамыған мемлекеттердің гүлденуіне және олардың әрмен қарай тұрақты дамуына кепіл болып отырғанын назарда ұстауымыз тиіс. Бұл жөнінде Франция саяси қайраткері, Алексис де Токвиль өзінің 1835-1840 жылдар аралығында жарық көрген, «Амери­кадағы демократия» атты екі томдық кітабында, «Өзінің елге пайдасы мол іс-әрекет аясында идеясы бар бірнеше адам АҚШ-қа келетін болса, билік сол сәттен бастап осы сала­ға ұм­тылысы бар жандарды сол адам­мен ортақтастырады. Нәтижесінде, мұн­дай бірігулер елдегі әлеу­меттік мә­се­лелердің шешіміне себепкер бола отырып, әрмен қарай ол экономи­калық және өзге де сала дамуына серпін береді» деген бола­тын. Бүгінде АҚШ-та мұндай бірлестіктердің саны 1,5 млн құрап отыр және олардың халыққа көрсететін қызметтері таңғаларлық, себебі, олар халықтың әлеуметтік мәселелерін шешіп қана қоймай оларға гума­ни­тарлық көмектер көрсетіп отырады. Дегенмен, мұндай бірлестіктер қанша ортақ мақсатқа жұмылдырылғанымен олардың бағыттарын реттеп оты­ратын әрбір ұйымның өз көшбасшысы болары анық және ол өзгелерге үлгі бола алатындай, тактикалық шешім шығаруға қабі­лет­ті жан болуы тиіс. Себебі, мұндай ұйымдар өзгелердің санасына бір­ден-бір әсер етуші күш. Мәселен, XIX ғасырда Эндрю Карнеги Аме­рика қоғамына арналған, ел территориясының барлық аумағында ашық кітапханалар салу жолында қор құрды және жүз жылдан кейін бұл бастаманы Бил Гейтс жалғастырды. Ол елде компьютермен жаб­дықталған интернет қолжетімділігі бар 1000 ашық кітапхананы ашуға қол жеткізді. Нәтижесінде, миллиондаған Америкалық азаматтардың жаңа мүмкіндіктермен ақпараттануына себепкер болды. Сон­дай-ақ Карнеги қорымен қатар ашылған, Брукинг институты елде 
100 жылдан бері азаматтардың бастамаларын жүзеге асыру барысындағы еркіндігі аясында қызмет атқарып келеді. Сонымен қатар елдегі қоғамдық бірлестіктер Ұлттық сот ісін қадағалау, саяси талдау, экономикалық мә­се­лелер сынды саяси мәселелермен айналысып, мемлекеттік орган­дардың көптеген функцияларына ие және олар тікелей азаматтардың санасына әсер ете отырып, тұрғындардың азаматтық жауапкершілігін арттырады. Сол себептен болар, қазіргі уақытта мұндай ұйымдардың қаржыландырылуы 52 % жеке азаматтардың қолдауымен жүзеге асы­рылады. Демек, көп жағ­дайда ел ішіндегі бастамалар жоғарыдан төменге емес, төменнен жоғарыға жүріп отырады. Нәтижесінде, мұндай қоғам­дық іс-әрекетпен айналысу Аме­рика қоғамында тұрақты тенденцияға айналған, мейлі ол коммер­ция­лық бағыттың мүшесі болсын, мейлі ол мемлекеттік қызметкер болсын, ең бастысы, бір қауымдастықтың жана­шыры қолдаушысы, демеушісі. 
Бүгінде біздің елде де Үкіметтік емес секторда негізгі басымдықты құ­райтын ұйымдар – қоғамдық бірлестіктер. Олар тіркелген барлық ұйым­дардың 60 % ие болып отыр. Дегенмен, ел ішінде, әлі де жұмыс жа­сау жү­йе­сі орнықпаған, қағаз жүзінде болғанмен, іс-жүзінде артта қа­лып жатқан ұйым­дар басым. Сол себепті де, мұндай ұйымдар құзы­рына әлі де болса мемлекеттік органдардың кейбір функцияларын тап­сыру қиындықтар тудырып отыр, осыған орай Мәдениет және спорт министрлігі тапсыры­сымен үшінші сектор қызметін монито­рингілеу ісіне байланысты, мем­ле­кеттік әлеуметтік тапсырыс жүргізілу үстінде. Бұл алдағы уақытта ұйымдар қызметін жіті бақылау мен олардың ары қарай жұмысын жүйелендіруге серпін беретін болады. Алайда бүгінгі күнге дейін елімізде белсенді ұйым­дар мен көшбасшылар жоқ деуге келмейді, мәселен, елдегі саяси мәселе­лер­дің шешіміне өз үлесін қосып жүрген қоғам қайраткері, «Серпін» әлеу­меттік даму қоры жетекшісі – Мұрат Әбенұлы, Taiburyl ай сайынғы шә­­кіртақыны ұйымдастырушы қоғамдық бірлестігі және жастарға үлгі боларлық осы саладағы азамат Олжас Құдайбергенов, сондай-ақ елдегі үшінші сектор қызметінің жандануы үшін қызмет атқарып жүрген «Қа­зақстан Азаматтық Альянсы» басшысы, Нұрлан Ерімбетов, тұлғалар атап айтар болсақ біршама. Дегенмен, қоғамдық істермен айналысуды әр­бі­рі­міздің негізгі қызметіміз деп қарар болсақ, еліміздегі азаматтық жауап­кершілік артары сөзсіз. 

Дереккөз: Айқын-ақпарат

 

Қатысты Мақалалар