Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс туралы хабарландыру 2

/uploads/thumbnail/20170708201219460_small.jpg

15. Ішкі бақылау департаменті ішкі бақылау басқар­масының бас сарапшысы (бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне – 2015 жылғы 19 қазанды қоса алғанда, С-4 санаты, 1 бірлік).
Функционалды міндеттері: ведомствоның аумақтық органдарында республикалық бюджеттің атқарылуына, республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің және акционерлік қоғамдардың қаржы-шаруашылық қызметіне ішкі бақылау жүргізу, тексеру нәтижелері бойынша қорытындылар және республикалық бюджеттің орынсыз және тиімсіз жұмсалуының жолын кесу және жол бермеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу, министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларының іске асырылуына, бақылау объектілеріне жіберілетін ұйғарымдардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру, заңнамада көзделген жағдайларда уәкілетті орган жүргізетін тексерулерге қатысу, департамент құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, министрлік басшылығының тапсырмаларын орындау үшін хаттар, материалдар мен қорытындылар дайындау, департамент құзыретінің мәселелері бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, ұсыныстары мен шағымдарын қарау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (қаржы, экономика, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді білу, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Ішкі бақылау қызметі қызметкерлеріне арналған Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу, Қазақстан Республикасының қаржы-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын, Қазақстан Республикасының бюджет, еңбек, әкімшілік, азаматтық заңнамасын, жоспарлау және мемлекеттік бюджеттің орындалуы саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері жөніндегі, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы, аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп және мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметін реттейтін қаржы есептемесі саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді білу, министрлік қызметі саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді міндетті түрде білу, мемлекеттік тілді білу, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электронды құжат айналымы жүйесімен, Outlook Express, Internet Explorer бағдарламасында жұмыс істей білу.
16. Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті ақпарат және статистикалық талдау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік статистикалық есепке алуды және есептілікті жүргізуді қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау кешеніне департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат ұсыну. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктер) қызметін рейтингтік бағалау көрсеткіштерін есептеу. Фармацевтикалық қызмет объектілерінің статистикалық есеп және есептілік мәселесі бойынша қызметін үйлестіруге қатысу. Денсаулық сақтауды және салалық статистиканы жетілдіруге бағытталған нормативтік-құқықтық акті­лер­дің жобаларын әзірлеуге қатысу. Бекітілген есептілік ны­сандары бойынша тоқсан сайынғы, жарты жылдық және жыл­дық статистикалық мәліметтерді қабылдауға, жиын­тық­тауға және қорытындылауға қатысу. Республиканың меди­циналық ұйымдары қызметінің және халық денсаулығының статистикалық көрсеткіштері есептерін жүргізу. Статистикалық және талдамалық жиынтықтарды қалыптастыруға қатысу. Ақпараттарды, есептіліктерді, анықтамаларды және талдамалық материалдарды дайындау. Жергілікті денсаулық сақтау органдарына, ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Семинарлар, алқалар, конференция­лар дайындауға қатысу. Қызметтік құжаттарды, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың хаттарын қарау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, дәрігерлік емдеу ісі, стоматология, педиатрия) мамандықтары бойынша жоғары білім, мүмкіндігінше медициналық мамандық немесе статистика және денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді білу, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электронды құжат айналымы жүйесімен, Outlook Express, Internet Explorer бағдарламасында жұмыс істей білу.
17. Ғылым және адами ресурстар департаменті меди­циналық білім және ғылым басқармасының бас сарапшысы, оқуда болу демалыс кезеңіне – 2017 жылғы 1 қыркүйекті қоса алғанда, С-4 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: басқарма сарапшыларының қызметін үйлестіру. Медициналық және фармацевтикалық білім және ғылым жағдайы бойынша сараптама жүргізуді ұйымдастыру, медициналық және фармацевтикалық білім және ғылым саласында негізгі заң актілерін, нормативтік-құқықтық құжаттарын және бағдарламаларды әзірлеу және жетілдіру. Медициналық және фармацевтикалық білім және ғылым мәселелерін жетілдіру бойынша медицина және фармацевтикалық білім және ғылыми ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Медицина және фармацевтика кадрларын даярлауды, қолданбалы ғылыми-зерттеу бағдарламаларын орындау, инновациялық әзірлемелердің практикалық енгізу нәтижелерін талдау, мониторингілеу бойынша іс-шараларды іске асыру. Медициналық және фармацевтикалық білімді және ғылымды жетілдіру мәселелері бойынша кеңестерді, конференцияларды, семинарларды ұйымдастыру және өткізу. Қызметтік корреспонденциямен және азаматтардың өтініштерімен жұмыс. Денсаулық сақтау ұйымдарына жаңа медициналық технологиялардың трансферті бойынша іс-шаралар ұйымдастыру (бірегей технологиялар).
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, дәрігерлік емдеу ісі, стоматология, педиатрия) немесе гуманитарлық ғылымдар (шығыстану, философия, филология) немесе білім (биология, химия) немесе жаратылыстану ғылымдары (биология, химия) мамандықтары бойынша жоғары білім, мүмкіндігінше ғылыми дәрежесінің болуы, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді білу, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электронды құжат айналымы жүйесімен, Outlook Express, Internet Explorer бағдарламасында жұмыс істей білу.
18. Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаменті халықаралық ынтымақтастық басқар­ма­сының бас сарапшысы (жүктілікке және босануға байланысты демалыс кезеңіне – 2016 жылғы 4 қаңтарды қоса алғанда, С-4 санаты, 1 бірлік).
Функционалды міндеттері: халықаралық ұйымдармен (ХЕҰ, ХӘҚҚ, БҰҰДБ, ДДҰ, ЮНИСЕФ, ЮСАИД, ЮНФПА, БҰҰ-ның ЖИТС жөніндегі біріккен бағдарламасы және т.б.) денсаулық сақтау, еңбек, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамтамасыз ету және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі ұсыныстарды дайындау, халықаралық ұйымдардың Қазақстандағы іске асырып жатқан және іске асырылуға жоспарланған жобаларын мониторингтеу және бақылау. Министрлік басшылығының халықаралық ұйымдардың өкілдерімен екіжақты кездесулерін және келіссөздерін ұйымдастыру, денсаулық сақтау, еңбек, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамтамасыз ету және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша нормативтік және құқықтық актілерді әзірлеуге және келісуге және оларды түгендеуге қатысу, министрліктің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп министрлік басшыларының ресми шетелдік іссапарларына қатысуына қажетті талдамалық материалдарды, баяндамаларды дайындауға қатысу, ҚР Президенті, ҚР Үкіметі, министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша материалдарды дайындауды жүзеге асыру, басқа министрліктер мен ведомстволардың құрылымдық бөлімшелерімен, сондай-ақ СІМ бөлімшелерімен (Консулдық қызмет департаменті және басқалар) құжаттарды ресімдеу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау. Министрліктің сайтына халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша материалдарды беру. Министрлік пен басқарма қызметінің саласымен байланысты құжаттарды мемлекеттік, шет тілдерге аудару, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша хаттар, материалдар және қорытындылар дайындауды қамтамасыз ету, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар) немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, дәрігерлік емдеу ісі, стоматология, педиатрия) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, әлемдік экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент, маркетинг) немесе қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс) немесе білім (шетел тілі: екі шетел тілі) мамандықтары бойынша жоғары білім, шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекітетін жоғарыда көрсетілген басым мамандықтар бойынша шетелде жоғары оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мүмкіндігінше оқуды аяқтауы және жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің (магистратура) бар болуы және шет тілдерін меңгеру, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді білу, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электронды құжат айналымы жүйесімен, Outlook Express, Internet Explorer бағдарламасында жұмыс істей білу.
19. Қаржы департаменті ағымдағы нысаналы трансферт­терді жоспарлау басқармасының бас сарапшысы (бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне – 2018 жылғы 4 нау­рызды қоса алғанда, С-4 санаты, 1 бірлік).
Функционалды міндеттері: жоспарланып отырған жылға ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласының бюджетін қалыптастыру (нақтылау) және мониторингі бойынша; алдағы қаржы жылына міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын қалыптастыру; әзірленетін нормативтік-құқықтық актілерді және ағымдағы қаржы жылына ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен келісімдерді қаржылық сараптау; бюджеттен тыс қызметті жоспарлау бойынша; Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Парламентіне анықтамаларды, материалдарды және жоспарлау мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын дайындау бойынша жұмыс. Жергілікті деңгейде денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау саласындағы органдарға құзыреті шегінде жоспарлау, бюджеттен тыс қызмет мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Құзыреті шеңберінде жергілікті деңгейде денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау органдарымен, мемлекеттік органдармен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, әлемдік экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді білу, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электронды құжат айналымы жүйесімен, Outlook Express, Internet Explorer бағдарламасында жұмыс істей білу.
20. Қаржы департаменті еңбек және әлеуметтік қорғау саласының бюджеттік бағдарламаларын жоспарлау басқар­масының бас сарапшысы (бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне – 2016 жылғы 12 сәуірді қоса алғанда, С-4 санаты, бірлік).
Функционалды міндеттері: тиісті қаржы жылына ми­нистрліктің әлеуметтік бағдарламалары бойынша бюджеттік өтінімді әзірлеу және ұсыну; әлеуметтік төлемдерді алу­шылардың саны бойынша мониторинг жүргізу, әлеуметтік бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау; әлеуметтік бағдарламалар бойынша тиісті қаржы жылына міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын қарау және келісу, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтыруларды енгізу; әлеуметтік бағдарламалар бойынша ағымдағы жылдың бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін есептер мен негіздемелер дайындау; зейнетақы және жәрдемақы алушылардың саны, қаржыландыру және төлеу қажетттілігіне ай сайын талдау жасау, тиісті органдарға зейнетақы және жәрдемақы төлеуге қажеттілікті ұсыну; әлеуметтік бағдарламаларға бөлінген қаражаттың игерілу бойынша талдау акқпаратын дайындау; министрліктің Стратегиялық жоспарының 7-бөліміне ұсыныстар дайындау, сондай-ақ олар бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу; басқарма құзыреті шегінде нормативтік-құқықтық актілерді әзiрлеуге қатысу, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын қарау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеу­меттік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, әлемдік экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді білу, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электронды құжат айналымы жүйесімен, Outlook Express, Internet Explorer бағдарламасында жұмыс істей білу.
21. Ішкі әкімшілік департаменті мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бас сарапшысы (бала күтіміне байланыс­ты демалыс кезеңіне – 2017 жылғы 17 желтоқсанды қоса алғанда, С-4 санаты, 1 бірлік).
Функционалды міндеттері: нормативтік-құқықтық ак­тілерді және министрліктің басқа да құжаттарын әзірлеу кезінде мемлекеттік тілдің қолданылуын кеңейту жөнінде шаралар әзірлеу, мемлекеттік тілді қолдану саласын дамыту үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету, қазақ тілін үйрету курстарының ұйымдастырылуын бақылау, министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің қазақ тілін қолдануды кеңейту бөлігіндегі қызметіне бағалау жүргізу бойынша материалдар дайындау, мемлекеттік тілде әзірленген заң жобаларын, нормативтік-құқықтық актілерді және басқа материалдарды редакциялау және түзету, министрліктің мемлекеттік басқару саласында мемлекеттік тілді дамыту және қолдану жөніндегі іс-шараларын үйлестіру және мемлекеттік тілде әзірленетін материалдарды редакциялау және түзету, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және министрлік басшыларының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, басқарма құзыретіне енетін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын қарау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: гуманитарлық ғылымдар (журналистика, қазақ филологиясы, аударма ісі) немесе (қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді білу, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электронды құжат айналымы жүйесімен, Outlook Express, Internet Explorer бағдарламасында жұмыс істей білу.
22. Қаржы департаменті жиынтық жоспарлау, қаржы­ландыру және мониторинг басқармасының бас сарапшысы (бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне – 2018 жылғы 6 маусымды қоса алғанда, С-4 санаты, 1 бірлік).
Функционалды міндеттері: министрліктің алдағы қаржы кезеңіне, сондай-ақ республикалық бюджетті нақтылау/түзету кезінде ағымдағы кезеңге жиынтық бюджеттік өтінімін қалыптастыру; міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын қалыптастыру. Министрліктің Стратегиялық жоспарының «Бюджеттік бағдарламалар» деген 7-бөлімін қалыптастыру және оның орындалуы бойынша жиынтық есеп жасау. Республикалық бюджеттік бағдарламаларды, министрліктің Стратегиялық жоспарын қалыптастыру және орындау бойынша талдамалық есептерді, баяндамаларды және көрнекі ақпараттарды дайындау. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында қаржыландыруды жетілдіруге бағытталған нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, әлемдік экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді білу, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электронды құжат айналымы жүйесімен, Outlook Express, Internet Explorer бағдарламасында жұмыс істей білу.
23. Медициналық қызметтерді стандарттау департаменті медициналық қызметтердің сапасын реттеу басқармасының бас сарапшысы (бала күтіміне байланысты демалыс кезе­ңіне – 2016 жылғы 30 маусымды қоса алғанда, С-4 санаты, 1 бірлік).
Функционалды міндеттері: Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарын аккредиттеу саласында ұлттық саясаттың әдістемелік негіздерін айқындау: аккредиттеу алдындағы дайындықты, сыртқы кешенді бағалау, медициналық ұйымдардың өзін-өзі бағалау және аккредиттеуден кейінгі мониторингі өткізудің әдістемелік тәсілдерін жаңғырту; қолданыстағыны жетілдіру және медициналық ұйымдарды аккредиттеудің жаңа стандарттарын әзірлеу; медициналық ұйымдардың қызметін аккредиттеуден кейінгі кезеңде бағалау индикаторларын әзірлеу және жетілдіру; денсаулық сақтау саласында аккредиттеу мәселесі бойынша халықаралық ынтымақтастыққа қатысу. Аккредиттеу мәселесі бойынша денсаулық сақтау саласы мамандарының әлеуетін жоғарылату: медициналық ұйымдарды аккредиттеу мәселесі бойынша мамандарды оқытуда негізгі бағыттарды әзірлеу; медициналық ұйымдарды аккредиттеу және медициналық қызметтердің сапасын басқару мәселелері бойынша мамандарды оқытуға қатысу. Медициналық қызметтердің сапасын басқару және медициналық ұйымдарды аккредиттеу мәселесі бойынша оқу-әдістемелік тәсілдерді әзірлеуге қатысу. Медициналық ұйымдарды аккредиттеуді құқықтық реттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстарды талдау және әзірлеу. Медициналық қызметтердің сапасын басқару мәселесі бойынша ұсыныстарды әзірлеу. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтердің сапасына қанағаттанушылық дәре­жесін айқындау бойынша сауалнама жүргізу әдісін әзірлеу және жетілдіру. Медициналық ұйымдарды аккредиттеу және медициналық қызметтің сапасын басқару саласында нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін құзыреті шегінде қарау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша семинарлар, конференциялар, алқаларды өткізу және ұйымдастыру. Орындаушылық және еңбек тәртіптерін ұстану, мамандардың жұмысына тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, дәрігерлік емдеу ісі, стоматология, педиатрия) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді білу, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электронды құжат айналымы жүйесімен, Outlook Express, Internet Explorer бағдарламасында жұмыс істей білу.
24. Медициналық қызметтерді стандарттау департаменті стационарлық медициналық қызметтерді стандарттау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде денсаулық сақтауды қаржыландыру саясаты, стационарлық медициналық қызметтерді стандарттау, денсаулық сақтауға қоғамның ортақ жауапкершілігін қамтамасыз ету тетіктері және медицина қызметкерлерін ынталандыру мәселелері бойынша нормативтік актілерді жетілдіру, әзірлеу және ұсыныстарды енгізу, нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу бойынша жұмыстарды орындау. Заңнаманы жетілдіруге, денсаулық сақтау саласында стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, денсаулық сақтау стандарттарын және ден­саулық сақтау бюджетін құруға әзірлеуге қатысу. Саланы қаржыландыру жүйесін жетілдіру мәселесі бойынша денсаулық сақтаудың аумақтық органдарымен өзара іс-қимыл. Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Парламентіне анықтама, материалдар дайындауға қатысу. Қызметтік құжаттарды, хаттарды және азматтардың өтініштерін қарау, олардың іске асырылуын бақылау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: ден­саулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, дәрігерлік емдеу ісі, стоматология, педиатрия) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді білу, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электронды құжат айналымы жүйесімен, Outlook Express, Internet Explorer бағдарламасында жұмыс істей білу.
25. Мемлекеттік сатып алу және активтер департаменті мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру басқармасының сарапшысы, С-5 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: веб-портал арқылы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды, сонымен қатар мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделген тәсілдермен уақтылы және сапалы өткізу, конкурстық комиссия қызметін ұйымдастыру, мемлекеттік сатып алу хаттамаларын уақтылы ресімдеу, мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау, мемлекеттік сатып алуды өткізу мәселелері бойынша хат алмасуды жүргізу, басқарма құзыреті шегінде нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және министрлік басшыларының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайын­дау, басқарма құзыретіне енетін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштері мен арыздарын қарауды қамтамасыз ету, қолданыстағы заңнамаға сәйкес министрлік сайтында мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты орналастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеу­меттік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, әлемдік экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді білу, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электронды құжат айналымы жүйесімен, Outlook Express, Internet Explorer бағдарламасында жұмыс істей білу.
26. Ішкі әкімшілік департаменті құжаттамалық қам­сыздандыру және бақылау басқармасының сарапшысы, С-5 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: хат-хабарларды құжат ай­налымының электрондық бағдарламасында (ЭҚАБЖ) қабылдауды, тіркеуді, компьютерлік және өзге де өңдеулерді, қызметтік хат-хабарларды, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын есепке алуды, министрліктің басшыларына, құрылымдық бөлімшелеріне таратуды және жеткізуді және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне, бас почтамтқа жеткізуді жүзеге асыру, істерді (карточкаларды) қалыптастыру, құжаттардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарының өтуіне жүйелі мониторинг жүргізу және министрліктің басшылығы мен құрылымдық бөлімшелерін уақтылы хабардар ету, министрлік пен департамент құзыретіне енетін мәселелер жөніндегі сауалдар мен өтініштерге жауаптар дайындау, құжаттар бойын­ша есептік-анықтамалық жұмыстарды жүргізу, ағымдағы мұрағат құжаттарын жүйелендіру және сақтау, өтіп жатқан қызметтік хат-хабарларды сақтауды, ағымдағы іс қағаздар құжаттарын есепке алуды және сақтауды қамтамасыз ету, істерді қалыптастыру және оларды мемлекеттік сақтауға тапсыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе білім (орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, әлемдік экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, мұрағаттану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (геодезия және картография) денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, дәрігерлік емдеу ісі, стоматология, педиатрия) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді білу, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электронды құжат айналымы жүйесімен, Outlook Express, Internet Explorer бағдарламасында жұмыс істей білу.
27. Ішкі әкімшілік департаменті мемлекеттік тілді дамыту басқармасының сарапшысы (бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне – 2018 жылғы 8 сәуірді қоса алғанда, С-5 санаты, 1 бірлік.).
Функционалды міндеттері: нормативтік-құқықтық актілерді және министрліктің басқа да құжаттарын әзірлеу кезінде мемлекеттік тілдің қолданылуын кеңейту жөнінде шаралар әзірлеуге қатысу, мемлекеттік тілде әзірленетін материалдарды редакциялау, мемлекеттік тілде іс жүргізу жөнінде әдістемелік материалдарды әзірлеуге қатысу, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және министрлік басшыларының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, тіл жөніндегі уәкілетті органға статистикалық есептер дайындау, басқарма құзыретіне енетін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын қарау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: гума­нитарлық ғылымдар (журналистика, қазақ филологиясы, аударма ісі) немесе білім (қазақ тілі мен әдебиеті, бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді білу, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электронды құжат айналымы жүйесімен, Outlook Express, Internet Explorer бағдарламасында жұмыс істей білу.
28. Қаржы департаменті мемлекеттік сатып алу мони­торингі басқармасының сарапшысы (бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне – 2018 жылғы 31 қаңтарды қоса алғанда, С-5 санаты, 1 бірлік).
Функционалды міндеттері: қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес министрліктің орталық аппаратының мемлекеттік сатып алу бойынша жасалған шарттардың, жұмыстардың, қызметтердің, жеткізілген тауарлардың актілерінің орындалуына мониторинг жүргізу бойынша; мемлекеттік сатып алу бойынша есептілікті (МС1-нысаны) дайындау және белгіленген тәртіппен ҚР Қаржы министрлігіне ұсыну бойынша жұмысқа жалпы басшылық ету, жетекшілік ететін қызмет бойынша басшылыққа ақпарат дайындау, ағымдағы хат-хабарлармен жұмыс жасау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, әлемдік экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент, маркетинг) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (математикалық және компьютерлік моделдеу) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді білу, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электронды құжат айналымы жүйесімен, Outlook Express, Internet Explorer бағдарламасында жұмыс істей білу.
29. Заң қызметі департаменті құқықтық сараптама басқар­масының сарапшысы (жүктілікке және босануға бай­ланысты демалыс кезеңіне – 2015 жылғы 11 қазанды қоса алғанда, С-5 санаты, 1 бірлік).
Функционалды міндеттері: министрліктің құзыреті шегінде нормативтік-құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге қатысу және оларды кейіннен сүйемелдеу, министрлікте әзірленген, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдардан келісуге келіп түскен нормативтік-құқықтық актілерді келісу, министрлік әзірлеген нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын талқылау, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша хаттар, материалдар мен қорытындылар дайындау, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық (құқықтану, халықаралық құқық) мамандығы бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді білу, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электронды құжат айналымы жүйесімен, Outlook Express, Internet Explorer бағдарламасында жұмыс істей білу.
30. Ғылым және адами ресурстар департаменті адами ресурстарды және менеджментті дамыту басқармасының сарапшысы, С-5 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: дипломнан кейінгі білім беру, кадрлық ресурстарды дамыту, денсаулық сақтаудағы менеджмент саласында нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; саланың кадр ресурстарының жағдайын талдау. Медицина кадрларына қажеттілікті айқындау. Дипломнан кейінгі даярлаумен, біліктілікті арттырумен, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімі бар мамандарды даярлаумен айналысатын ұйымдар қызметін талдау үшін материалдар жинақтау. Медицина және фармацевтика кадрларын дипломнан кейінгі даярлау бойынша бюджеттік бағдарламаларды талдау және мониторингілеу. Медицина және фармацевтика кадрларының дипломнан кейінгі және қосымша білімін талдау және мониторингілеу. Білім және ғылым ұйымдарында дипломнан кейінгі даярлықты талдау. Дипломнан кейінгі даярлаумен айналысатын ұйымдарды кешенді тексеруге қатысу. Бекітілген бөлімдер бойынша статистикалық есептілікті қорыту және талдау. Дипломнан кейінгі даярлау, кадр ресурстарын дамыту, денсаулық сақтаудағы менеджмент мәселелері бойынша министрліктермен және ведомстволармен өзара іс-қимыл жасау. Қызметтік хат-хабарлармен және азаматтардың өтініштерімен жұмыс.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, дәрігерлік емдеу ісі, стоматология, педиатрия) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, менеджмент, есеп және аудит) немесе білім (биология, химия) немесе жаратылыстану ғылымдары (биология, химия) мамандығы бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді білу, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электронды құжат айналымы жүйесімен, Outlook Express, Internet Explorer бағдарламасында жұмыс істей білу.
31. Инвестициялық жобалар және мемлекеттік-жеке­меншік әріптестікті дамыту департаменті дамыту жоба­ларын іске асыру басқармасының сарапшысы, С-5 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының Қазақстан Респуб­ликасының денсаулық сақтау секторында технология­ларды беру және институционалдық реформа жүргізу жобасын іске асыру бойынша жұмыстарын үйлестіру; Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторында технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу жобасының компоненттерін құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволардың орындауы бойынша мониторинг жүргізуді қамтамасыз еу; Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторында технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес ұйымдастыру; денсаулық сақтау секторында технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу жобасын іске асыру мәселелері бойынша Дүниежүзілік банк, қазынашылық және басқа мүдделі ұйымдар арасындағы жұмыстарды үйлестіру, құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және уақтылы орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: техникалық ғылымдар және технологиялар (құрылыс) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе өнер (сәулет) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді білу, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электронды құжат айналымы жүйесімен, Outlook Express, Internet Explorer бағдарламасында жұмыс істей білу.
32. Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті ақпарат және статистикалық талдау басқармасының сарапшысы (оқуда болу демалыс кезеңіне – 2017 жылғы 1 тамызды қоса алғанда, С-5 санаты, 1 бірлік).
Функционалды міндеттері: денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік статистикалық есепке алуды және есептілікті жүргізуді қамтамасыз ету. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктер) қызметін рейтингтік бағалау көрсеткіштерін есептеу. Фармацевтикалық қызмет объектілерінің статистикалық есеп және есептілік мәселесі бойынша қызметін үйлестіруге қатысу. Денсаулық сақ­тауды және салалық статистиканы жетілдіруге бағыт­талған нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу. Бекітілген есептілік нысандары бойынша тоқсан сайынғы, жартыжылдық және жылдық статистикалық мәліметтерді қабылдауға, жиынтықтауға және қорытындылауға қатысу. Республиканың меди­циналық ұйымдары қызметінің және халық денсау­лығының статистикалық көрсеткіштері есептерін жүр­гізу. Статистикалық және талдамалық жиынтықтарды қалыптастыруға қатысу. Ақпараттарды, есептіліктерді, анықтамаларды және талдамалық материалдарды дайындау. Жергілікті денсаулық сақтау органдарына, ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Семинарлар, алқалар, конференциялар дайындауға қатысу. Қызметтік құжаттарды, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың хаттарын қарау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, дәрігерлік емдеу ісі, стоматология, педиатрия) мамандықтары бойынша жоғары білім, мүмкіндігінше медициналық мамандық немесе медициналық статистика және денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді білу, компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электронды құжат айналымы жүйесімен, Outlook Express, Internet Explorer бағдарламасында жұмыс істей білу.
33. Ғылым және адами ресурстар департаменті медици­налық білім және ғылым басқармасының сарапшысы (оқуда болу демалыс кезеңіне – 2017 жылғы 1 қыркүйекті қоса алғанда, С-5 санаты, 1 бірлік).
Функционалды міндеттері: медициналық және фар­мацевтикалық білім мен ғылым мәселелері бойынша азаматтардың және ұйымдардың өтініштерін қарау, іс қағаздарды жүргізу. Медицина және фармацевтика қызметкерлерін даярлау бойынша білім беру ұйымдарының статистикалық есептілігін

Қатысты Мақалалар