БҚО-да газ іздеу: QazaqGaz пен Agip Caspian Каменковский учаскесін бірлесіп зерттейді

/uploads/thumbnail/20260112210128962_big.webp f.azh.kz

Елдің батысында газ қорын толықтыруға бағытталған маңызды қадам жасалды. QazaqGaz пен Agip Caspian Sea B.V. Каменковский учаскесін бірлесіп зерттеу туралы келісімге қол қойды.

Бұл бастама ішкі нарықтың тұрақтылығына және энергетикалық тәуелсіздікке әсер етуі мүмкін.

Кім қол қойды, мақсат қандай

Қол қою рәсіміне QazaqGaz басқарма төрағасы Әлібек Жамауов пен Agip Caspian Sea B.V. төрағасы әрі басқарушы директоры Сегер Хойтинк қатысты. Келісімнің негізгі мақсаты – жер қойнауын геологиялық зерттеу жобасына үлестік қатысу тартымдылығын бағалау көзделген.

Серіктестік Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жасалып, QazaqGaz-дың газ ресурстық базасын кеңейтуге бағытталған стратегиялық басымдықтарымен үндеседі.

Неге дәл осы аймақ таңдалды

Каменковский учаскесі Прикаспий ойпатының солтүстік борттық аймағында орналасқан. Бұл өңір газ және газконденсат кен орындарын ашуға әлеуеті жоғары саналады.

Осы аумақта бұған дейін Қарашығанақ, Чинарев және Рожков тәрізді ірі кен орындары ашылған.

Не зерттеледі

Келісім аясында кешенді геологиялық және геофизикалық зерттеулер жүргізіледі. Осы деректер учаскенің көмірсутек әлеуетін және оның коммерциялық болашағын бағалау үшін техникалық негіз болады.

Егер қорлар расталса, өңірге жаңа инвестиция келуі, қосымша жұмыс орындары ашылуы және ішкі нарықтың газбен қамтылуы жақсаруы ықтимал.

Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қатысты Мақалалар