Астанадағы LRT діңгектерін өнер нысандарына айналдыру туралы ұсыныс желіде резонанс тудырды. Идея әдемі естілгенімен, қауіпсіздік пен шығын мәселесін CTS бөлек атап өтті.
Ұсыныс қалай пайда болды
Threads желісінде әлдебір қолданушылар эстакада астын «қалалық галереяға» айналдыруды ұсынды. Бірі алғашқы діңгекке «орталық» мүсін қоюды, әр он діңгектен батырлар бейнесін беруді айтты. Уақыт өте бұл тұтас тарихи алаңға айналуы мүмкін деді идея авторлары.
Басқалар «артық безендірудің» қажеті жоқ деді. Қарапайым, қауіпсіз жарықтандыруды орнатсақ жеткілікті деді қолдаушылар.
Қоғам пікірі неге екіге бөлінді
Қолдайтындар бетон массивін қала мәдениетінің жаңа нүктесіне айналдыруға болады деді. Қарсы тарап жүргізушілердің назарын алаңдату, бояудың тозуы, күтімге кететін тұрақты шығындар көбейеді деп ескертті. Қаржыны инфрақұрылымның өзіне жұмсау дұрыс болады деді сыншылар.
CTS ұстанымы
Редакция сұрауына жауап берген CTS өкілдері эстакада мен діңгектерде тек функционал жарық қарастырылғанын айтты. Кез келген қосымша элементті орнату үшін жеке техникалық сараптама, қауіпсіздік талаптарына сай келісімдер және пайдалану мен конструкцияның сақталуына қатысты құжаттар қажет болады деді компания.
«Қауіпсіздік, пайдалану және конструкция тұтастығы талаптарын ескермей өзгерістер енгізілмейді», – деп түсіндірді CTS.
LRT қашан толық іске қосылады
Астанада 29 қыркүйекте LRT желісі сынақ режимінде жүре бастады. Сынақ кезеңі кемінде алты ай жалғасады деп хабарланған. Жобаны 2026 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.