Гренландия бойынша келіссөз: Дания АҚШ-пен келіспеушіліктер көп екенін мәлімдеді

/uploads/thumbnail/20260115131309177_big.webp SM

Данияның сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссен Ақ үйде өткен келіссөздерден кейін АҚШ-пен Гренландияға қатысты «түбегейлі келіспеушілік» сақталып отырғанын айтты. Оның сөзінше, келіссөздер ашық әрі конструктивті өткен, алайда АҚШ президенті Дональд Трамптың Гренландияны «иелену» туралы ұстанымы Дания үшін мүлде қабылданбайды.

АҚШ, Дания және Гренландия өкілдері кездесуде нақты шешімге келе алмағанымен, автономды аймақтың болашағын талқылайтын жоғары деңгейлі жұмыс тобын құруға келісті. Дания мен Гренландия АҚШ-пен әскери ынтымақтастықты күшейтуге, соның ішінде қосымша әскери базалар ашуға дайын екенін, бірақ аумақты басып алуға үзілді-кесілді қарсы екенін мәлімдеді.

Трамп Гренландияны АҚШ ұлттық қауіпсіздігі үшін маңызды деп атап, Ресей мен Қытайдың Арктикадағы ықпалына сілтеме жасады. Бұл мәлімдемелер Еуропада алаңдаушылық туғызып, Франция, Германия, Швеция және Ұлыбритания Гренландияға дипломатиялық және әскери қолдау көрсетуге дайын екенін хабарлады.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар