Трамп Ресейдің әрекеттерін АҚШ ұлттық қауіпсіздігіне төнген қауіп деп бағалаған жарлық жариялады

/uploads/thumbnail/20260207114053934_big.webp SM

АҚШ билігі Ресей Федерациясының әрекеттерін ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп деп бағалап, соған байланысты жаңа атқарушы жарлық жариялады. "Құжат Ресейдің Украинаға қарсы саясатына жауап ретінде экономикалық және сауда тетіктерін пайдалануды көздейді" деп мәлімдеді Ақ үй.

Жарлық аясында Ресей мұнайын тікелей немесе жанама түрде импорттаған елдерге және Иранмен сауда жасайтын елдерге қатысты қосымша кедендік баж салығы (25%) енгізілген болатын. Оның алғашқы нысаны ретінде Үндістаннан келетін тауарлар алынған, өйткені ол сол кезде Ресей мұнын тікелей немесе жанама түрде сатып алған. Кейінірек Трамп Үндістанның Ресейден мұнай сатып алмайтынын мәлімдеді. Вашингтон жариялаған ақпараттар бойынша, бұл шара Ресей экономикасына қаржылық қолдауды азайту және оған халықаралық қысымды күшейту мақсатында қабылданған.

АҚШ әкімшілігі бұл саясаттың уақытша емес екенін, Ресейдің әрекеттері өзгермейінше, мұндай экономикалық қысым жалғасуы мүмкін екенін атап өтті. Сонымен қатар, Вашингтон басқа елдердің де Ресеймен энергетикалық байланыстарын мұқият бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.

Сарапшылардың пікірінше, бұл шешім жаһандық мұнай нарығына, халықаралық саудаға және геосаяси тепе-теңдікке әсер етуі мүмкін.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар