Бүгін баспасөз мәслихаты өтті.
«Тәуелсіз бақылаушылар» қоғамдық бірлестігі 2026 жылғы референдумға қатысты өз ұстанымын жариялады. Бірлестік Алматы қаласы бойынша қоғамдық бақылау жүргізетінін мәлімдеді. Бақылаушы болуға ниетті азаматтарға ұйым есігі ашық.
Ұйым тарапынан бақылаушыларға арналған арнайы оқыту ұйымдастырылып, әр бақылаушыға күнделік беріледі. Референдум күні бақылаушылар заңбұзушылықтарды тіркеп, алынған деректерді қоғамға ашық түрде ұсынатын болады.
Ұйымның негізгі мақсаты – референдумның өту барысын, халықтың қатысу деңгейін және тіркелген мәліметтерді жария түрде көрсету.
Мекенжайы: Сейфуллин көшесі, 597-үй, 7-қабат, 15-кабинет.