Сәрсенбі күнгі бағаммен салыстырғанда, доллар құны 5,79 теңгеге арзандады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Қазақстан қор биржасындағы таңғы саудада АҚШ долларының орташа бағамы 325,8 теңгені құрады. KASE мәліметтері бойынша, таңғы саудада доллардың төменгі бағасы 322,3 теңге, жоғарғы бағасы 329 теңге болған.
Сауда көлемі 196,2 миллион долларды құрап, 232 сауда келісімі жасалған.