«Нұр Отан» партиясының қолдауымен, «Жезбұйда» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруында екі күнге жалғасқан «ЕрЖәнібек» атты республикалық футбол өтті деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
13 желтоқсан таңертең Қазақстан Республикасының әнұраны әуенінәң астында, Қанат Исламұлы, Жеңіс Түркияұлы, Толқын Ақанұлы қатарлы айбоз азаматтардың қатысуында аса қызу мереймен шымылдығын ашып, республиканың әр облысынан келген, атажұртқа оралған қандастардан құрам тапқан он жеті команда арасында өткен сәтті сайыс 14 желтоқсан түстен кейін Алматы қаласы «Медина» спорт кешенінде шымылдығын жапты.
Кілең сайдың сақа тасындай сайгүліктерден іріктелген жалынды жастар арасында болған қаражарыстан кефйін, жартылай финалға «Ағайын», «Жезбұйда», «Ақтау-Ертіс», «Мұзтау», «Қанат», «Сауыр», «Ертіс», «Орда» қатарлы сегіз саңлақ команда іріктелді. Осы сегіз команда арасында болған қызықты да қиқулы бәсекеде «Қанат», «Ақтау-Ертіс», «Жезбұйда», «Мұзтау» төрт команда ағалап алға шығып, шешуші жарысқа жолдама алды. «Медина» спорт кешенінде өтіп жатқан бұл жарыстың дүбірін естіп, алыс-жуықтан келген жанкүйерлердің де шоғыры молайып алған еді. түстен кейінгі көргеннің көз мейірін қандырып, көрмегеннің өкінішіне айналған айтулы бәйгеден кейін сараланған саңлақтар мынадай нәтижемен, еш талассыз жұртқа жария етілді.
Бұл реткі жарыстың «Ең үздік қақпашы» силығын «Ақтау-Ертіс» командасыныдағы Бақтияр Шуақбайев алса, «Үздік шабуылшы» силығын жалпы он бес голл соққан «Мұзтау» командасындағы Сарқытбай Серік алды, «үздік ойыншы» болып Астанадан келген «Орда» командасындағы Орал марапатталды. өз қатарынан оза шапқан осы оғландарға марапат қағазымен қоса, «Алтын аяқ», «Алтын доп» әшекей кубоктары сиға ұсынылды.
Кәсіпқой бокста ел намысын қорғап жүрген батыр Қанат Исламұлының құрметіне жас түлектерден құрам тапқан «Қанат» командасы төртінші орынға иелік етті. олар 50 мың теңге ақшалай силық, силық грамотасымен жане силық лоңқасына қоса команда мүшелері қола медалдармен силанды.
Қыркүйктің басында өткен Алматы қалалық футбол жарысында бас жүлдені еншілеген «Жезбұйда» командасы осы реткі жарыстың үшінші дәрежелі жүлдесін алды. Команда 100 мың теңге, сыйлық громатасы, сыйлық лоңқасы, қола медалдарға иелік етті.
Ақтау қаласынан келген азаматтардың «Ақтау-Ертіс» командасы екінші дәрежені яғни жүлдегерлік сыйлықты қанжығасына бөктерді. 200 мың теңгелік сыйлықты, грамота, лоңқа жане күміс медалдарды мойынға ілді, қазақ даласының батысынан алматыға ат басын бұрған жалындылар.
Әлхисса, бұл реткі «Ер Жәнібек» атты аладоп жарысының аға жүлдегерлігін «Мұзтау» командасы жеңіп алды. Бұдан бұрын да сан сайыстың сайгүлігі атанып келе жатқан «Мұзтаулықтар» бұл ретте де өз биігін меншіктенді. Жарыстың бас бәйгесіне 300 мың теңге сыйлық ақшамен қоса әр кезек сайын чемпион командалар арасында айналып отыратындай етіп, «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының қаржысымен дайындалған ірі күміс кубокты қордың президенті Жеңіс Түрктяұлы «Мұзтаудың» команда капитаны Сарқытжанға табыс етті. Аймаңдай азаматтар алтыннан медаль тағынды. Бұған қоса он жеті команданың команда жетекшілеріне, демеушілерге, төрешілердің төресі атанған Бекен Әбілұлы қатарлы азаматтарға алғыс хат ұсынылып, бағалы кітаптар сыйға тартылды. Сондай-ақ, марапатталған спортшыларға демеуші орындар ұсынған «Зерек бала» қастерлі қаламы, "автоколіктің орындық қабы" қатарлы отандық өнімдер тарту етілді. «Бірін бірі батыр деп сыйлай білген» өсер елдің азаматтарының селбесуінде өткен бұл жасыл алаң жарысы еш өкпе-ренішсіз, келесі кезекті кездесу бұдан да нұрлы болады деген сеніммен тарасып жатты.
Біз бастамамызды ерекше қолдап-қуаттаған Нұр-Отан партиясына, алыс-жуықтағы ағайындарға, жүйеден айырықша демеген «ЕрЖәнібек» халықаралық қоғамдық қоры президенті Жеңіс Түркияұлы, ресми демеушілер «Бақкелді-2012» ЖШС директоры Толқын Ақанұлы, «Сәттібай» ЖШС директоры Омарәлі Әділбекұлы және Нұрлан Талыпұлы, "Қайнар" ЖШС директоры Елмұрат Қойшыұлы, Талапқан Патқанұлы, Құмар Жұмақанұлы, сондай-ақ құрылық асып оралған демалысында қымбатты уақытын қиып ортамызға келіп, жастарға шабыт берген Қанат Исыламұлы қатарлы азаматтарға шексіз алғысымызды білдіреміз.