Алматы шаһарының бұрынғы әкімі, қазір «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының тізгінін ұстаған Ахметжан Есімовтің Астанадағы үйі сүріліп тасталған, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы radiotochka.kz – ке сілтеме жасап.
Бұл туралы А. Есімов кеше қазақстандық ақпарат құралдары Бас редакторларымен кездесуде айтқан.
«Айналдырған жеті жыл ішінде Астананың кеңейгені сонша, сол жағалаудағы менің бір үйім сүрілетін нысандар қатарына еніп кеткен. Әрине, құрылысшылар маған өтемақы төледі. Қазір мен аса үлкен емес үйде тұрып жатырмын. Жақында бір жатын бөлме қосып салдым. Қазір екі жатын бөлме бар. Үй үлкен емес. Қазір сонда әйеліммен тұрып жатырмын», - деді «Астана ЭКСПО-2017» төрағасы жетекші БАҚ басшыларына.
Оғаш мәлімдемелерімен танылған Ахметжан Есімов бұған дейін 2013 жылы бір сұхбатында Алматыда үйі жоқ екенін, келіншегінің пәтерінде тұратынын айтып, біраз қағытпаға арқау болған еді.