Жас сарбаздар ант берді

/uploads/thumbnail/20170708210252041_small.jpg

Алматы облысындағы Ұзынағаш және Заречный кенттеріндегі 28237 және 7552 әскери бөлімдерінде Ұлттық ұлан жас сарбаздарының әскери ант қабылдау рәсімі болып өтті, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әскери қызметшінің өмірінде бір-ақ рет болатын осы  рәсімді тамашалауға жас жауынгерлердің ата-аналары, туған-туыстарымен қатар Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының офицерлері, Ұлттық ұлан ардагерлері және өзара әрекеттегі байланыс органдарының өкілдері де арнайы қатысты.

Ант қабылдау мерекесін әскери бөлім командирлері салтанатты түрде ашық деп жариялаған соң 300-ге жуық Ұлттық ұлан жас сарбаздары ата-аналары, туған туыстары мен командирлерінің алдында «Отанға адал қызмет етеміз!» деп әскери салтанатты түрде ант қабылдады.

Ант қабылдау рәсіміне арнайы келген Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары Марлен Аппазов пен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар басқармасының бастығы Ниязтай Әлкешев жас сарбаздарға өздерінің жалынды құттықтау тілектерін арнап, оларды Отан алдында қабылдаған әскери анттарына адал болуға, мемлекетіміздің тыныштығын қорғау жолына өз үлестерін қосуға шақырды. Бұнымен қоса Ұлттық ұлан Ардегерлер кеңесінің атынан отставкадағы полковник Союзжол Жұманов және ЛА-152/14 түзеу мекемесі бастығының орынбасары Бақыт Жұмабеков да сарбаздарға жалынды тілектерін арнады.

Ата-аналардың атынан сөз сөйлеген жас сарбаз Елтай Беріктің әкесі ақсақал Бұзаубаев Орал сарбаздарға осы қабылдаған анттарына адал болуларын, әскери қызметтің қиындықтарына мойымай, табандылықпен төтеп беруге шақырып, үйге, ата-аналарына аман-есен оралуларын тілесе, сарбаз Ганеев Виктордың анасы ұландықтарға арнап өлең оқып берді. Бұнымен қоса сарбаз ережеп Құрбановтың әжесі Ибрагимова Анар өз немересінің Ұлттық ұлан қатарында әскери борышын өтейтінін мақтан тұтанын айтып, қуанышымен бөлісті.

Әскери ант қабылдау рәсімінің ресми бөлігінен соң жиналған жұртшылық атқыштар взводы сарбаздарының қарумен және қоян-қолтық ұрысы тәсілдерін көрсету өнерін тамашалады.

 

 

Қатысты Мақалалар