Оқушылар енді тек 5 күн оқуы мүмкін. Ұлттық білім беру академиясы қазір осы жаңашылдықты толықтай зерттеп жатыр, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Baq.kz-ке сілтеме жасап.
Мамандар білім жүйесіне өзгеріс енгізсе, онда шәкірттердің жазғы демалысы ұзарады. Сөйтіп алғашқы қоңырау әдеттегідей 1 қыркүйекте емес, 2 аптаға кешігіп соғылмақ. Қаперде болса, Білім және ғылым министрлігі 5 күндік оқу жүйесін осыған дейін де жоспарлаған еді. Алайда бұл тәртіп тек бірінші сынып оқушыларына қатысты болған.