АПТА ТЕҢГЕНІҢ ҚҰЛДЫРАУЫМЕН БАСТАЛДЫ

/uploads/thumbnail/20170708210255744_small.jpg

Қазақстандық қор биржасындағы таңғы сауда ұлттық валютаның құлдырауымен басталды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Қордағы таңғы сатылымда АҚШ долларының орташа бағамы 331,38 теңгені құрады. Бұл – жұма күнгі бағамнан 5, 58 теңгеге қымбат.

Жалпы бүгінгі таңғы саудада 15 валюталық ойыншы қатысып, 72 миллион доллар сатылған. Доллар үшін ұсынылған ең жоғарғы баға 333 теңгені құраған.

Қазір kurs.kz сайтының мәліметінше Алматыдағы валюта айырбастау орындарында АҚШ доллары 334 теңгеден сатылуда.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев: «Адамдар Ұлттық банк валюта бағамының белгілі бір бағытын қалыптастырып отыр деп ойлайды. Барлығы біз бірнәрседен қорқып, доллар бағамын 312 теңгеге түсірді және 307 теңгеге дейін алып барады деген пікірде. Естеріңізде болса, қараша айында доллар бағамы 307-308 теңге көлемінде ұзақ мерзімге сақталды. Шын мәнінде осы кезеңде көпшілік шетел валютасын жаппай сатып алып, теңгенің нығаюына кедергі келтірді» деген болатын.

 

 

 

Қатысты Мақалалар