Қазақ спорт және туризм академиясын 2015 жылғы FISU атқару комитетінің шешімі бойынша «Әлемнің үздік университеті» атағын иеленді, - деп хабарлайды академияның баспасөз қызметі.
Бүгін академияда ғылыми кеңес отырысы өтіп, онда оқу ордасының ағымдағы жылдағы жұмысы қорытындыланды. Сондай-ақ, академия студенттері Жасұлан ыдырбаев, Назым Қызайбай мен докторант Илья Ильин үздік спортшылар рейтингіне еніп отыр.
«Академияның студенттер құрамасы Бүкіл әлемдік қысқы универсиадада 50 елдің ішінен 3-орын иеленген. Универсиадада спортшы студенттер 5 алтын мен 6 күміс медальді қанжығалады», - делінген хабарламада.