Оңтүстіккореялық өнертапқыш Парк Иен Чэн жалғыз ішімдік ішуден шаршаған отандастары үшін «стақандас» робот жасап шықты, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
youtube.com әлеуметтік желісіне жариялаған бейнеролик көптің көңілінен шықты. Робот «жүрек жарды» тілектер айта алмағанымен рөмке соғыстырып, араққа бас шайқап, тамсана алады.