«Қазгидромет» РМК 30-31 желтоқсанда еліміздің көп өңірлерінде қалың қар жауып, боран соғатынын хабарлайды.
Өтіп бара жатқан жылдың соңғы күндері нормадан 8-13º жоғары температура ауытқуымен жылы ауа райы, республиканың шығысында 15-22º ауысатын болады. Бұрынғыдай циклондардың өтуімен Қазақстанның көптеген облысында 30-31 желтоқсанда боран болып, қалың қар жаууы ықтимал. Жел 15-25 м/с күтіледі. Батыс желі солтүстік-шығысқа ауысатын болады. Таймыр аудандарынан суық ауа республиканың солтүстік облыстарына келіп түседі, температура төмендейді және осы кезеңге нормаға жақын болады.
Республиканың оңтүстік бөлігіне осы күндері Иран аудандарынан жылы ауа келуін жалғастырады және Жаңа жыл қарсаңында температура нормадан 4-10º жоғары болады.