ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ САЛАТТАР

/uploads/thumbnail/20170708210450246_small.jpg

Жаңа жылдық салат – 2016

Салаттың құрамы:

Майшабақ (селедка)-1шт

Сәбіз-1үлкен

Қызылша-1шт орташа

Картоп-2дана

Жұмыртқа-3дана

Пияз-1дана

Майонез-250гр

Аскөк

Салаттардың дайындалуы:
1.Қызылша, жұмыртқа, сәбіз, картопты барлығын қайнатып дайындап аламыз.
2.Майшабақты тазалаймыз.
3.Қайнап дайын болған қоспаларды суытып барлығын үкіштен өткіземіз.Пиязды майдалап тураймыз.
4.Ыдысты алып барлығын саламыз. Бірінші картоп майонез, майшабақ майонез, майдалап туралған пияз майонез, үкіштен өткізілген жұмыртқаны саламыз үстінен майонез, сәбіз майонез, ең бетінен қызылша майонезді жақсылап жағамыз.
5. Бетін өз қалауыңызша әсемдеуіңізге болады.

Жаңа жылдық жеміс жеміс салаты

Салат құрамы:

§  2 үлкен алма

2 дана банан

1 стакан жүзім

2 дана киви

1 дана апельсин

Йогурт

Салаттың дайындалуы:
Барлық жемістерді ұсақтап тураймыз да Йогуртты құйып араластырып тарелкаға саламыз. Бетін өз қалауыңызша әсемдесеңіз болады.

«Алтын таға» салаты

Бізге керегі:

250г теңіз шаяны

Жарты стакан күріш

1дана пияз

2 қайнатылған жұмыртқа

1 банка жүгері

2 ас қасық майонез

Анар дәндері

Аскөк

Тұз

Салат дайындау:
Барлық қоспаларымызды төртбұрыштап турап, тарелкаға тағанын формасын келтіріп қоспаларымызды үсті үстін салып, ең бетіне жүгеріні салып, анар дәндерімен және аскөкпен сәндеп қоямыз.

«Канапе» салаты

Бзге керегі:

1 дана багет қара наны

200 г Пісірілген шұжық (варенная)

Черии қызанағы

150 г балқытылған ірімшік

Салат жапырағы бір орам

Ақжелкен және аскөк

Дайындалуы:
Нанды кесіп оған балқытылған ірімшікті жағамыз.әр нанымызға бір бір салат жапырақтарын қойып шығамыз. Черии қызанағын ортасынан бөлеміз. Шұжығымызды дөңгелектеп кесіп суреттегідей формасын келтіріп тіс шұқығышты кіргіземіз. Шұжықтың арасына аскөк пен ақжелкен салуды ұмытпаңыз. Ең үстіне черии қызанағын қоямыз. Канапеміз дайын. Астарыңыз дәмді болсын!

Жаңа жылдық жеміс салаты

Бізге керегі:

Ананас 1 дана

Банан 1 дана

Апельсин 1 дана

Алма 1 дана

Киви 1 дана

Құлпынай 1 дана

Қант ұнтағы 2 ас қасық

Лимон шырыны 2 ас қасық

Жалбыз

Бүлдірген 20 г

Салаттың жасалуы:
Ананасты алып екі бөлікке бөлеміз. Ортасындағы жұмсақ жерлерін жаймен алып, кубиктеп тураймыз. Енді басқа жемістерді тазалап , барлығын орташа қылып тураймыз. Дайын кесілген жемістерге лимон шырыннын қосып, қант ұнтағын сеуіп ананастын астынгы болігіне саламыз. Енді салаттын бетіне құлпынайды салып жалбыз жапырағымен сәндеп қоямыз.

Мәліметтер tagamdar.kz сайтынан алынды.

Қатысты Мақалалар